Бүгін Жалпыұлттық Аза тұту күні
29 тамыз Қазақстанда Жалпыұлттық Аза тұту күні болып жарияланды. Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аза тұту күнін жариялаған еді.
"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады", - деді мемлекет басшысы.
26 тамыз күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы әскери бөлімшенің жарылысынан 13 адам қаза тауып, 90-нан астам адам жарақат алды.
Abai.kz ақпараттық порталының ұжымы Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған шетін оқиға кезінде қаза тапқан марқұмдардың отбасы мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Abai.kz