Жұма, 22 Қараша 2024
3805 3 пікір 31 Тамыз, 2021 сағат 12:34

Атамбаев: Неге халық болашақтан үмітін үзді?

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев қазіргі мемлекет басшысы Садыр Жапаровты сынға алды.

Қазіргі уақытта қамауда отырған Алмазбек Атамбаев Қырғызстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап хат жазды. Хаттың басым бөлігі - Садыр Жапаровқа үндеу.

Экс-президент өз хатының кіріспе бөлігінде елдің 30 жыл бойы басынан кешірген қиындықтары туралы айтқан. Ол осы жылдар ішінде көптеген басқа басшылар мен өз тарапынан қателіктер жіберілгенін мойындайды.

"Мен өз уақытында көптеген қателіктер жібердім, олар үшін шын өкінемін. Бірақ барлық халық сайлаған президенттердің ішінде мен ғана билікті бейбіт тапсырып, тыныш кеттім. Адамдар менің артымнан тас лақтырып, айғайлап, Ақ үйді басып алмады. Олардың көбі менің кеткеніме өкінді.

Менің ойымша билік елге он ай ғана басшылық еткеніне қарамастан, көптеген адамдар жақсы жаққа өзгеруден үмітін тоқтатқанын, тіпті елдің болашағы бар екеніне сенбейтінін ойлану керек деп ойлаймын" дейді ол хатының бір бөлігінде.

Abai,kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303