Сенбі, 23 Қараша 2024
Алыстағы бауырым 5290 9 пікір 3 Қыркүйек, 2021 сағат 15:03

Ауғанстандағы қазақтар елге әкелінбек

Ауғанстандағы әскери жағдайға байланысты халық босқынға айналды. Пәкістан 3 млннан астам ауған босқынын қабылдағанын айтып, енді босқындарды қабылдамайтынын ескертті. АҚШ елден 110 мыңнан астам ауғанстандықты алып шықты. 

Ауғанстанда этникалық қазақтар да тұрады. Олардың нақты саны қанша екені белгісіз. Бір деректер 30 мыңға жуық десе, ресми билік олардың саны 200 шамасында деп отыр. Ауған үкіметі мен тәлібтер арасында соғыс қызған шақта Ауғанстандағы қазақтар елге көшуге көмек көрсетуін сұрап, үндеулер жариялады. Олар Ауғанстандағы жағдайдың тым ушығып кеткенінен елде тапшылық пайда болғанын айтуда. Қазақстан билігі Ауғанстанда қанша қазақтың барын нақты білмейтінін, алайда оларды елге көшіру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеген болатын.

Енді міне Ауғанстанда тұратын 200-ден астам этникалық қазақ елге әкелінуі мүмкін екені айтылуда. Бұл туралы Қазақстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Талғат Қалиев мәлімдеме жасады.

Елшілік мәліметінше, ауған елінде шамамен 13 отбасы бар екен. Ол 200-ден астам адам деген сөз. Бұл есепке алынған адамдар ғана.

Әзірге ондағы этникалық қазақтардың нақты санын білу қиын. Сондықтан ауған жерінен елге көшірілетіндер саны артуы да мүмкін дейді Қалиев.Эвакуациялау жұмысын жеделдету үшін арнайы комиссия құрылған. Бірінші кезекте елге қоныс аударатын азаматтардың қазақ немесе қазақстандық екенін растайтын құжаттар жинақталуы керек. Ал олардың Қазақстанға келу-келмеуі өз еріктерінде болып қала бермек.

“Қазір қазақ диаспорасының белсенділері сондағы этникалық қазақтарды іздеуге кірісіп, елшілік қызметкерлеріне қол ұшын беруде. Олар Ауғанстанның әр бұрышындағы қазақтарды табуға тырысып жатыр. Қажет болған жағдайда, ұшақ жөнелтіліп, тасымал ұйымдастырылады. Бұл жұмыстарға қазіргі Ауған билігі кедергі келтірмейді деп ойлаймыз”, – деді Талғат Қалиев.

Ал Ауғанстандағы этникалық қазақтар бұл туралы білмейміз деп отыр.

Естідік. Кабулдан 13 отбасыны алып кететінін, 200-дей адам бар деп естідік. Бізге әлі ешқандай ақпарат, жаңалықтар келген жоқ. Сіздерге өтініш бізді елге алып кетіңіздер. Өте қиын жағдайда қалдық”, – дейді Ауғанстандағы этникалық қазақ Азимулла.

Бұған дейін желіде "Қазақстанға келетін қазақтарды тізімге қосу үшін қаржы сұрайды екен" деген ақпарат шыққан еді, алайда оның жалған екені ресми өкілдер мәлімдеген болатын.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354