Сенбі, 23 Қараша 2024
2949 4 пікір 17 Қыркүйек, 2021 сағат 10:22

«Цифрлық Қазақстан»: 300 млрд теңгенің сұрауы кімде?

Қазақстан Үкіметі күні бүгінге дейін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына бюджеттен 300 миллиард теңге жұмсаған. Бұл туралы ulysmedia.kz сайты жазады. 

Қазақстанда цифрлық үкімет платформасын құруға қатысты ресейлік СБЕР-мен келісім жасасу соңы үлкен дау-дамайға ұласты.

Желідегі наразылық толқыны толастар емес. Қазақстандықтар жеке деректерінің ресейлік IT-мамандардың қолына өтетініне алаңдаулы, ал Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осы бастаманың «адвокатына» айналды.

300 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНГЕН

2018 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бюджеті көп жобаның бірі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына ресейлік ІТ-мамандарды тартып, оларға ақы төлеуге Қазақстан қалай мәжбүр болды? Желіде жарияланған мәліметтерге сенсек, тек 2018-2019 жылдары қазақстандық салық төлеушілер қалтасынан 41,4 миллиард теңге аталған бағдарламаға жұмсалған. 2022 жылға ел бюджетінен 109 миллиард теңге, «квазимемлекеттік сектор қаражатынан» 169 миллиард теңге жұмсалуы тиіс, ал бұл сектордың іс жүзінде бюджет есебінен күн көретіні белгілі.

Мұндай қомақты бюджеті бар бағдарлама «орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартады», деп санайды министрлік атынан жобаны әзірлегендер.

Өкінішке қарай, қазақстандықтар бұдан жағдайларының жақсарып кеткенін сол күйі сезіне алмады.  Ал пандемия мен халықтың басым көпшілігін онлайн жұмыс істеуге міндеттейтін карантин шараларынан Қазақстанда цифрландыру жүргізілмегені белгілі болды.

«Цифрлы Қазақстанды» дамытуға ұзақ уақыт бойы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған, қазір Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі елшісі Асқар Жұмағалиев жауапты еді.

ҚЫЗҒАЛДАҚТАР АЛҚАБЫНА АТТАНДЫ

Былтыр Uzyn Qulaq атты танымал телеграм арнасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Жұмағалиевті бюджеттен 2 миллиард АҚШ долларын жымқырды деген айыптап отырғанын хабарлады, ол мұны «ақпараттандыру және цифрландыру кураторы ретінде 15 жыл ішінде игерген».

Арнаның инсайдерлік ақпараты бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің сол кездегі басшысы Алик Шпекбаев тіпті Жұмағалиевті ұстауды талап еткен. Алайда, бұл іске Жұмағалиевтің ықпалды туыстары араласып, ол түрмеге емес, қызғалдақтар алқабына елші болып кетті.

Ал қазақстандық депутаттар сауал қойып отыр: цифрландырудың сәтсіздігіне кім жауап береді?

«Сбермен келісімге қол қоюды цифрландырудың алдыңғы бағдарламаларының сәтсіздігі, сондай-ақ оларға соңғы жылдары бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тану деп бағалауға бола ма? Егер солай болса, өткен жылдары мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қанша мемлекеттік қаражат жұмсалды және олардың тиімсіз пайдаланылуы үшін кім жауапты?», - деді «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары 15 қыркүйекте өткен Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында.

Министрлер кабинетінің басшысы бұл сұраққа не деп жауап беретіні қызық?..

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407