Жұма, 29 Наурыз 2024
5400 18 пікір 27 Қыркүйек, 2021 сағат 12:16

Қарабақ қырғыны: Ресей қаруы мен Армения жеңілісі

2020 жылдың 27-қыркүйегінде Қарабақта соғыс басталды. Таңғы сағат 06:10-да Арменияның қарулы күштері Әзербайжан аумағын артиллериямен атқылады. Бұл 20 жылдан астам Қарабақ оккупациясының қанды қырғынмен шешілуіне себепкер болды. 

Соғыстың болатындығы 2020 жылдың шілде айында анық байқалды. 12-16 шілде аралығында Тавуш аймағында Армения мен Әзербайжан әскерлері төрт күн бойы кескілескен шайқастар өткізді. Әзербайжан соғыста 20 сарбазынан айырылса, Армения тарапы 110 жауынгерін жоғалтты. Алайда төрт күннен соң ұрыс қимылдары тоқтап, қос тарап қақтығыс аймағынан әскерін кері әкетті. Әзербайжан Түркиямен бірігіп ірі әскери жаттығу бастаса, Армения ҰҚШҰ (ОДКБ) аясында жаттығулар жасауға ұсыныс тастады.

Көптеген сарапшылар қақтығыс осылайша аяқталып, тағы да шиеленіс ұзақ жылға шекарадағы бірлі-жарым атыс-шабыспен созылады деп болжаған. Алайда барлық болжамды 27-қыркүйек жоққа шығарды.

Әзербайжан тарапы Арменияның артиллериялық соққыларына қарсы жауап ретінде "Темір жұдырық" әскери операциясымен жауап қатуға шешім қабылдады. Әскери операцияның басты мақсаты Қарабақ-Иран шекарасын армян басқыншыларынан азат етіп, артынша Қарабақтың ірі қалаларын алу болатын. Осылайша 44 күнге созылған соғыс басталып кетті.

Соғысың алғашқы күнінде-ақ басқыншылардың әскери қабілеті мен мобилизациялау деңгейінің төмен екені айқын көрінді. Мысалы басқыншылар қолында болған және ешкім мойындамаған Таулы Қарабақтағы 7 ауданнан соғысқа шақырылған 100% азаматтың 31% ғана жиналған. Яғни Таулы Қарабақта 17,5 мың басқыншы әскери бөлімшелерге шақырылса, оның  8 мыңы ғана келген. Аталмыш 8 мыңның 3 мыңы ұрыс даласынан қашып кеткен. Ал Арменияның өзінде мобилизацияға тек қана 55% сарбаз жиналған. Әрине бұл бір жағынан Әзербайжан тарапының ақпараттық шабуылының тамаша жұмыс істеуінің көрінісі болатын. Баку ұрыс даласындағы жетістіктерін сағат сайын видео дәлелмен шығарып отырды.

Соғысқа бармау үшін армян сарбаздары коронавирус жұқтырды деген анықтаманы мыңдаған долларға жасатып алғаны да белгілі болып, 130 дәрігер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сарбаздарды рухтандыру үшін Армения басшысы Пашинян соғысқа әйелі әйелдер жасағын бастап баратынын, ал ұлы алдағы шепте соғысатынын мәлімдеді. Дей-тұра бұл шаралардың бірі де тиісті нәтижесін бермеді.

Әзербайжан жасақтары соғыстың алғашқы күнінде басқыншылардың (Таулы Қарабақтағы) әуе қорғаныс жүйесі мен авиациясын 50% істен шығарды. Бұл нақты және дәл соққы беру арқылы іске асты. Арнайы операция артиллериялық соққы жасау мен ұшақтарды қолдану арқылы іске асты. Жау авиациясын жойған әзербайжан жасақтары құрлықтық операцияларды сенімді жүзеге асырудың кепілдігін алды. Артынша ұрыс даласына түркиялық "Байрактар" соққы жасаушы дрондары шықты. Жалпы бұл соғыс Байрактардың портфолиосы болды десек те болады. Жау нысанының басым бөлігін дәл осы соққы жасаушы дрондар арқылы әзербайжан сарбаздары тас-талқан етті. Байрактар соққы жасаушы дрондарын Түркия Сирия мен Ливияда да қолданған. 2020 жылдың ақпанында Түркия аталмыш дронмен Асад әскерлерін талқандаса, Ливияда "жеңілмейтін қолбасшы" атағын алған ресейшіл Хафтарды Триполиден кері шегіндірді. Дегенмен Байрактардың нағыз жарнамасын Қарабақ соғысы жасады.

В Турции подсчитали эффективность дронов «Байрактар» в Карабахской войне - МК

Түркияның мәліметінше "Байрактар" соққы жасаушы дрондары Қарабақта орасан зор рөл ойнаған. Соғыстың алғашқы 24 күнінде "Байрактар" дрондары 114 танктің көзін жойған. Bayraktar TB2 43 БМП мен БТР-ді жойып,  141 артиллериялы жүйені толық күйреткен. Дрондар 249 әскери көлік пен 44 әскери қойма мен әскери бөлімшені жойып жіберген. Бұл соғыстың алғашқы 24 күніндегі шығындары, ал соғыстың 44 күнге созылғанын еске алсақ, шығын әлдеқайда көп.

Әзербайжан басшысы Әлиевтің мәліметінше Армения тарапы 5 млрд доллар шығынға ұшыраған. Бұл алғашқы есептер, ал соғыс салдарынан сыртқа кететін миграция мен инвестицияның тоқтауын есептесек, ол тағы еселеп арта түспек.

10-қарашада тараптар соғыс қимылдарын тоқтатуға келісті. Бұл шындығында Арменияның капитуляциясы болатын. Шуша шайқасынан кейін Арменияның толық күйрегені белгілі болды. Соғыста Әзербайжан 2900 сарбазынан айырылса, Армения тарапы өз шығынын ашық айтпай отыр. Алайда сарапшылар шығын 8-15 мың арасында дегенді келтіреді.

Қарабақ соғысы Ресей қаруының да ұрыс даласындағы пәрменін көрсетті. Армения тарапы 95% ресейлік және кеңестік қарумен жарақтанған болатын. Ал Әзербайжан Түркия, Израиль, НАТО елдерінен қаруланған қуатты заманауи әскерге ие екені нақты көрінді. Бұл Қазақстанға да үлкен  сигнал болды. Ұрыс қимылдарына жаңа тактика мен қару алу керектігін байқалды.

Ка Мырза

Abai.kz

 

18 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3624