Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3865 6 пікір 12 Қазан, 2021 сағат 12:54

Бәрін түрмеге жаба алмайсыңдар!

Азамат, қазақ және саясаткер ретінде бүгін, 11 қазанда Алматыдағы Алмалы аудандық сотының "тыйым салынған ұйымды құрды" және "оның ісіне араласты" деп айыпталған бір емес, 13 азаматқа шығарылған үкіміне қатысты наразылығымды білдіремін!

Төрт азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған тоғыз белсендінің еркіндігі 1 жылдан 2 жылға дейін шектелді.
Биліктің Әбілязовқа деген көзқарасын білеміз. Жек көрсе, сонымен күрессін. Бірақ ел ішінде жүріп, билікке қатысты сыни пікір ұстанған адамдардың не жазығы бар?

Егер де олар шын мәнінде конституциялық талаптарды бұзып, ел Тәуелсіздігіне, жер тұтастығына нұқсан келтіретін қимыл-әрекетке барса, оны сот ашық түрде дәлелдесін! Ондай дәлелді көріп отырған жоқпын.
Ал XXI ғасырда оппозициялық ой-пікір білдіргені үшін түрмеге жабу не еркіндігін шектеу - кешегі қылышынан қан тамған Совет дәуірінің атавизмі, авторитаризм да емес, нағыз тоталитаризмнің "жарқын" көрінісі! Мұндай, адам құқы мен демократия принциптерін аяқ асты еткен солақай сот үкімдерімен Қазақстан өркениетті елдер ортасынан шеттетілуі де әбден мүмкін!

Қазір билікке наразы, оның саясатына қарсы адам 13 емес, миллиондап саналады. Оның бәрі белгілі себептермен өз пікірін ашық айта алмай, іштен тынып жүр. Олардың бәрін түрмеге жаба алмайсыңдар!

Әміржан Қосанов

Abai.kz

 

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5597