Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 8036 0 пікір 28 Маусым, 2012 сағат 09:33

Ұлттық патриотизм идеологиясы. Ол қандай болуы керек?

«Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін емес,

ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік деген ұғым да жойылады.

Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз келсе,

ұлттық патриотизмді мықтап дамытуымыз қажет».

 

 

Біздің ұлттық идеологиямыздың түп қазығы: «Көп балалы бол және оларды ұлттық рухта тәрбиеле».

Біздің ұлттық идеологиямыздың ұраны: «Бізді құтқаратын-Ислам»

Біздің ұлттық идеологиямыздың ұстанымы: «Қазақ баласы, жер сенікі, ел сенікі. Жеріңе, еліңе ие бол. Өз жеріңде, өз Отаныңда тұрып басқаның құлы болма».

Біздің ұлттық идеологиямыздың ойтұмары: «Қазақ қызы біздің қадірліміз, қымбаттымыз. Қазақ қызын сыйламаған адам біздің жауымыз.»

«Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін емес,

ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік деген ұғым да жойылады.

Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз келсе,

ұлттық патриотизмді мықтап дамытуымыз қажет».

 

 

Біздің ұлттық идеологиямыздың түп қазығы: «Көп балалы бол және оларды ұлттық рухта тәрбиеле».

Біздің ұлттық идеологиямыздың ұраны: «Бізді құтқаратын-Ислам»

Біздің ұлттық идеологиямыздың ұстанымы: «Қазақ баласы, жер сенікі, ел сенікі. Жеріңе, еліңе ие бол. Өз жеріңде, өз Отаныңда тұрып басқаның құлы болма».

Біздің ұлттық идеологиямыздың ойтұмары: «Қазақ қызы біздің қадірліміз, қымбаттымыз. Қазақ қызын сыйламаған адам біздің жауымыз.»

Біз-қазақ ұлтының патриоттары өзіміздің ұлтымызды сүйетінімізді, әрқандай жағдайда ұлтымыздың болашағы үшін күресуге дайын екенімізді басқаларға мақтана айтуға тиіспіз. Бұл күресте біз аса білімді және ұшқыр ойлы, жылдам әрекетті болуға міндеттіміз. Ол үшін бізге мықты денсаулық керек. Мықты денсаулыққа жету үшін жат қылықтардан, өрескел әдеттерден алыс жүруге тиіспіз.

Әркім өзінің ата-анасын, бауырын, қарындасын, туып-өскен жерін, ана тілін, дінін  жақсы көргені үшін айыпты бола алмайды. Жақсы көрмеген адам-сатқын, екіжүзді болып есептеледі.

Алла бізге өзімізге ғана тән түр берді, тіл, дәстүр берді. Байтақ жер мен орасан байлық нәсіп етті. Оның бәрі үшін бір Аллаға ғана қарыздармыз. Ата-бабамызға бас иеміз. Қазақ болып тудық, қазақ болып өлеміз.

Америкадағы арабтардың, Ресейдегі грузиндердің жағдайын ойыңа ал. Ондаған миллион күрдттердің, сығандардың тағдырын есіңнен шығарма.

Өз жерің үшін күрес, өз еліңде еркін, алаңсыз, қорықпай өмір сүр, ұрпақ өсір.

 

ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ ИДЕЯСЫ

Қазақ ұлты - Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы мәртебелі ұлт. Қалған ұлттар диаспора болып саналады. Қазақ ұлты басқа ұлттардың дамуы мен тілін, дінін, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпын сақтауға кедергі келтірмейді.    Басқа ұлт өкілдерінің қазақ  ұлтының тілі мен дінін, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпын, ұлттық болмысын  сыйлауын, құрметтеуін талап етеді.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, диаспоралар мен аз ұлттардың тілі мемлекеттік тіл бола алмайды. Барлық қазақстандықтар мемлекеттік тілді білуге және оның дамуына үлес қосуы міндетті. Қазақ ұлты басқа ұлттардың өз тілін сақтауы мен дамытуына қарсы болмайды.

Қазақ елі - мұсылман ел. Ислам діні қазақ ұлтының тарихи діні, сенім-нанымдарының түпқазығы болып саналады. Дін-мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының біріне айналуы тиіс. Қазақстан мемлекеті  дәстүрлі діндердің дамуына жағдай жасайды, дәстүрлі емес діни ағымдар мен секталардың жұмысына тосқауыл қоюы тиіс.

Қазақстанның азаматтығы. Шет елдерден оралған қазақ  кедергісіз Қазақстан азаматтығын алады. Басқа шет елдік ұлт өкілдері Қазақстан мемлекетінің дамуы мен қазақ ұлтына ерекше еңбегі сіңген болмаса, уақытша виза алуы тиіс.

Қазақстан жерінің иесі - қазақтар. Жер асты қазба байлықтары ең алдымен қазақ ұлтының игілігі. Қазақстанның жері мемлекеттің және тек Қазақстан азаматтарының жеке иелігінде болады. Жер қандай да бір игілік үшін мәртебелі ұлт өкілдеріне тегін берілуі тиіс. Шет елдік азаматтарға  жер тек уақытша жалға берілуі тиіс және оның мерзімі 25 жылдан аспауы қажет.   Қазба байлықтарды игеруші компанияларға иелік етуде мәртебелі ұлт өкілдерінің үлесі 50 пайыздан кем болмауы керек. Ұлттық компанияларда жұмыс істейтін мәртебелі ұлт өкілдеріне артықшылықтар беріледі.

Өзін ұлтының патриотымын деп санайтын әрбір азамат қазақ ұлтының мүддесін кез-келген артықшылықтар мен жеке басының мүддесінен жоғары қоюы тиіс. Қажет болса жанын да қиюы керек.

Ұлт патриоттары қазақ қызын сыйлауды бірінші орынға қояды. Біз қыздарымызды сыйлау арқылы ұлтымызды сыйлаймыз. Қазақ қызы - қазақтың анасы. Ана-болашақ ұрпақтың бастауы, қайнар көзі. Бұлақтың басы лай болса, одан таза ұлт шығуы мүмкін емес.

Қазақ жігіттері басқа ұлттардың көрікті, ақылды қыздарын алуы мүмкін. Ал қазақ қыздарының басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шығуын жөн көрмейді. Біз қан тазалығын, тек тазалығын сақтауға тиіспіз. Тексіз халықтың болашағы болмайды.

Ұлт патриоттары жезөкшелік пен зинақорлыққа, нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы ымырасыз күрес жүргізеді. Қажет болса, жазалайды да.

Ақпарат құралдарына шет елдік азаматтар мен заңды тұлғалардың иелік етуіне жол берілмейді. Ұлтаралық араздыққа, белгілі бір ұлттардың артықшылықтарын дәріптеуге, зорлық-зомбылықты, бейәдептілікті насихаттауға, қазақтың ұлттық мүдделеріне қайшы келетін ақпараттар таратуға тиым салады.

Шет ел мәдениетінің экспансиясына қарсы тұрады. Ұлттық өнер мен мәдениетті, кино мен музыканы дамытуға күш сала отырып, шет елдік жат мәдениетке жастардың еліктеуіне тосқауыл қояды.

 

ҰЛТ ПАТРИОТЫ ДЕГЕН КІМ?

 

Ұлты - қазақ, Өз денсаулығына ыждахатпен қарайтын, отбасы мен балаларының жағдайын жасайтын, көп балалы болуға ынталы жаны ақ, ары таза, елін, жерін, ұлтын жақсы көретін  азамат.

Діні-Ислам. Аузында Алласы бар, иманы берік, намазы толық, ақидасы түзу мүмін.

Білімі-жоғары. Көп білуге құштар, білімі мен білігін ең алдымен өзі үшін, содан кейін отбасы-балалары, әке-шеше, туыс-бауырлары үшін, елі-жері, жұрты үшін жұмсайтын ізденімпаз тұлға.

Тілі - қазақ тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін терең түсінетін, қазақша ойлап, қазақша сөйлейтін, жаза білетін, тілінің дамуын мақсат тұтатын жанашыр.

Балаларын ең алдымен иманға, содан кейін елін-жерін, ұлтын сүюге тәрбиелейтін ата-ана.

 

МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?

 

Бірінші белес. (мұны елге жариялау міндетті емес, ішпен біл де жүрекпен сез)

 

1. Өзін-өзі ұғыну, ұлт патриоты болуға деген құштарлықты сезіну. Осы идеологияда көрсетілген талаптарды түсіну және қажетсіну.

2. Идеологияның талаптарын тану, өзін ұлт патриотымын деп сезіну. Айтылған талаптарды орындауға дайын болу.

3. Идеологияны басқаларға түсіндіру, ұлт патриоттарының қатарын арттыру.

4. Ұлт патриоттарының шағын топтарын құру.

 

Екінші белес (жария түрде, мақтанышпен іске кіріс, ойыңды сенімсіздік жайламасын)

1. Ұлт патриоттарының қоғамдық қозғалысын құру, аймақтық филиалдарын құру. Басқа патриоттық ұйымдармен ынтымақтасу.

2. Шұғыл және ұзақ уақытқа арналған бағдарлама қабылдау. Қозғалыс жұмысына қажетті ережелер мен құжаттар қабылдау.

3. Ақпараттық кеңістікті мейлінше ұтымды пайдалану, халыққа идеологияны түсіндіру, түрлі ақпараттық өнімдер шығару.

4. Ұлттық патриоттар партиясын құру. Түрлі дәрежедегі сайлауларға қатысу. Парламенттен, мәслихаттардан мейлінше көп орындар алу.

 

Үшінші белес («көп қорқытады, терең батырады», жасқанбай талап етуге құқың бар)

1. Биліктің барлық тармақтарында ұлт патриоттарының отыруына қол жеткізу

2. Идеологияда көрсетілген негізгі мақсаттарға жетуді қолға алу.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл әрине, өте қиын шаруа, бірақ қолдан келетін іс. Ол үшін ең алдымен иманымыз түзу, сертімізге берік болуымыз қажет. Осы ісіміз үшін таяқ та жерміз, мүмкін басымызды бәйгеге де тігерміз, алайда біз мұның бәрін өзіміздің еркін де тыныш өміріміз үшін, байлық пен бақыттың өз игілігімізде болмағы үшін, балаларымыздың ертеңгі жақсы тағдыры үшін бір сәтте естен шығармаймыз. Ертең балаларымыздың табаны тілініп - құл, қызымыздың етегі түріліп - күң болмауы үшін күресеміз. Табандылық пен сабыр табысымыздың кілті.

Біз бәрін де жеңеміз. Алла жар болсын!

Жалпы республикалық адам құқытары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі коалицияның хатшылығы.

«Абай-ақпарат»

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290