Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
4340 0 пікір 15 Қазан, 2021 сағат 15:14

HOLA News ақпараттық сайты қайта істей бастады

Он күн бұрын бұғатталған HOLA News ақпараттық сайты қайта жұмыс істей бастады.

"Он күн өткен соң HOLA News сайты қайта жұмыс істей бастады. HOLA News-тің бұғатталуын ешкім мойнына алмады. Баршаңызға қолдау көрсеткеніңіз үшін рақмет",- делінген редакцияның Instagram парақшасында.

Редакция мәліметінше, сайт "Қазақтелеком", Kcell, Beeline және Tele2 секілді ірі провайдерлерден ашылмаған.

"Біздің шетелдік оқырмандарымыз да сайтты оқи алмады, себебі Қазақстан заңына сәйкес сайттың сервері елде", - дейді редакция.

Сайт әкімшілігі бұғатталудың себебін анықтауға тырысқан. Бірақ әзірге нақты жауап ала алмаған.

Редакция елдегі заңға бағына отырып, оқырманға, қоғамға маңызды ақпараттар таратып келе жатқанын, қанша хакерлік шабуыл болса да жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2921
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930