Жексенбі, 24 Қараша 2024
Ең ықпалды 50 адам 4170 13 пікір 19 Қазан, 2021 сағат 13:07

Құлыбаев елдегі ең ықпалды кәсіпкер атанды

Forbes Kazakhstan ұзын-ырғасы он жылдан бері елдегі ең ықпалды деген елу кәсіпкерді екшелеп тізімдеп, рейтинг жасап келе жатқаны белгілі. Биыл да сол салтпен ең ықпалды елуді тізімдеп шығыпты.

Бұл жолы көшті экс-президенттің күйеу баласы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті, Азия олимпиада кеңесінің вице-президенті. «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы, ресейлік «Газпром» трансұлттық энергетикалық компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі – Тимур Құлыбаев бастапты. Сөйтіп, Құлыбаев Қазақстандағы ең ықпалды кәсіпкер атаныпты.

Онан кейін Болат Өтемұратов тұр. Әлемлік рейтингте 891-ші орында.  Қазақстандағы ең ірі бесінші банк - «ForteBank» АҚ-ның 90,78% акциясын иеленіп отырған адам. «КаР-Тел» ЖШС-ның 25%, «Sky Mobile» ЖШС-ның (Қазақстан мен Қырғызстандағы «Билайн» операторы) 49,9%, алтын өндіруші RG Gold-тың 65% үлесі Болат Өтемұратовта. Бұл ғана емес, Нұр-Сұлтан, Мәскеу мен Венадағы Ritz-Carlton, Ақмола облысындағы Rixos Borovoe қонақ үйлердің 100 пайыз иесі де Болат. Қазақстандағы Burger King франшизасы да, Global Development компаниясы да, Нархоз университеті де Өтемұратовтікі. Ол аз десеңіз, Қарағандыдағы «Сары-Арқа» әуежайында, Informburo.kz интернет-порталында, «31 арнада» 80 пайыздық үлесі тағы бар. Haileybury Astana School және Haileybury Almaty School деген мектептері де бар. Өзінің атында қор құрған. Қазақстанның теннис федерациясын басқарады. Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті. Алматы қаласының құрметті азаматы.

Алғашқы үштікті Вячеслав Ким түйіндеп тұр. Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы һәм акционері. Биыл алғаш рет әлемдегі ауқаттылардың тізіміне еніп, 925-ші орынды иеленді.

Ким де кедей жаяу адам емес. «Алсеко» АҚ 90% акциясын ұстап отыр. «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ АҚ директорлар кеңесінің, жобаларды жүзеге асыруды бақылау комитетінің мүшесі. Қазақстанның таеквандо федерациясын басқарады. Алматы триатлон федерациясының қамқоршылық кеңесіне мүше. «Fizmat Endowment Fund» ҚҚ құрушы һәм қамқоршылық кеңесінің мүшесі. «Милосердие» ҚҚ-ның мүшесі. «Сәби» ҚҚ серіктесі. Kazakhgeography Қазақстанынң географиялық қоғамының  қамқоршылық кеңесіне мүше. Алматының құрметті азаматы.

Әрі қарай тізім:

4. Владимир Ким – 60 жаста.

5. Қайрат Боранбаев – 55 жаста.

6. Нұрлан Смағұлов – 56 жаста.

7. Айдын Рақымбаев – 49 жаста.

8. Кеңес Рақышев – 42 жаста.

9. Александр Белович – 66 жаста.

10. Данияр Абулғазин – 51 жаста.

11. Рашид Сәрсенов – 72 жаста.

12. Михаил Ломтадзе – 45 жаста.

13. Эдуард Огай – 51 жаста.

14. Олег Новачук – 50 жаста.

15. Шухрат Ибрагимов – 35 жаста.

16. Серікжан Сейтжанов – 72 жаста.

17. Еркін Тәтішев – 45 жаста.

18. Александр Клебанов – 58 жаста.

19. Дінмұхаммед Ыдырысов – 56 жаста.

20. Абылай Мырзахметов – 52 жаста.

21. Бақытбек Байсейітов – 63 жаста.

22. Айдан Карибжанов – 49 жаста.

23. Арманжан Байтасов – 51 жаста.

24. Алмас Сұлтанғазин – 57 жаста.

25. Тимур Турлов – 33 жаста.

26. Қайрат Мажибаев – 53 жаста.

27. Эдуард Ким – 56 жаста.

28. Қайрат Итемгенов – 50 жаста.

29. Райымбек Баталов – 50 жаста.

30. Нұрәлі Әлиев – 36 жаста.

31. Берік Қаниев – 51 жаста.

32. Ерлан Нығматулин – 59 жаста.

33. Елдар Әбдіразақов – 48 жаста.

34. Владимир Жуманбаев – 48 жаста.

35. Бахаридин Аблазимов – 52 жаста.

36. Сергей Кан – 53 жаста.

37. Марғұлан Сейсембаев – 54 жаста.

38. Диас Сүлейменов – 49 жаста.

39. Сайдулла Қожабаев – 62 жаста.

40. Орифжан Шадиев – 48 жаста.

41. Сергей Терещенко – 70 жаста.

42. Александр Гарбер – 59 жаста.

43. Андрей Лаврентьев – 42 жаста.

44. Ерлік Балфанбаев – 57 жаста.

45. Гаухар Қаппарова – 46 жаста.

46. Алмас Мыңбаев – 47 жаста.

47. Серік Толықпаев – 50 жаста.

48. Рамиль Мухоряпов – 36 жаста.

49. Бауыржан Оспанов – 53 жаста.

50. Марат Баккулов – 48 жаста.

Түйін. Бұл Forbes Kazakhstan түзген рейтинг. Елдегі ең ықпалды елулікте жалғыз әйел – Гаухар Қаппарова ғана екен. «Өкінішке орай, Қазақстандағы ықпалдылар – ер азаматтар. Бұл санатта әйелдер жиі кездесе бермейді. Тізімге енген күннің өзінде көп тұрақтамайды. Мысалы, былтырғы жылғы тізімде әйелдер тіпті, мүлде болған жоқ. Биыл бір әйел адам енген. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштер де өзгереді деп үміттенеміз», - депті редакция.

Расында, жыл сайын жарияланып отыратын бұл рейтингтен әйелдерді жиі кездестірмейсіз. Есесіне, былтыр блогер Ербол Еділов өз рейтингін жасаған. Тек әйелдер арасында. Сөйтіп, Қазақстандағы ең ықпалды 50 әйелді тізімдеп шыққан. Ол бойынша алғашқы үштікті үлкен үйдегі үш қыз бастаған. Дариға, Динара және Әлия Назарбаевалар.

Айтпақшы, жоғарыдағы ең ықпалдылар ерекше ауқаттылардың тізімінен де түспейтіні жасырын емес. Елдегі ең ықпалды һәм ең ауқатты елу байдың табыс көзін қарап отырсаңыз, қазақтың қазба байлығы халықтан бұрын осы аз ғана топтың игілігіне жұмсалыпты ғой ғой деген ойға қаласың.

Қосымша:

Құлыбавтан құтылмай, Парламентке күн жоқ!

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5646