Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Билік 4090 2 пікір 20 Қазан, 2021 сағат 12:10

Есірткімен күрес қарқынды жалғасуда

Соңғы жылдары “қара нарықтағы” жағдай өзгерген. Бұрынғы есірткінің орнын бүгінде синтетикалық заттар ығыстырыпты. Қоғамды алаңдатарлық бұл мәселе әсіресе, жасөспірімдер мен жастар үшін қауіпті болып отыр.

Еліміздің Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қазақстанда жыл басынан бері 12 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 11 зертхана жабылған. Интернетте қыз-қыз қайнаған есірткі саудасына полицейлер тосқауыл қойған. Нәтижесінде биыл 810 портал бұғатталыпты. Сайттар арқылы есірткі не синтетикалық заттар болсын саудалау оңай болғандықтан, тәртіп сақшылары ата-аналарды абай болуға шақырады.

Нұр-Сұлтан қаласында есірткімен күрес қарқынды. Полиция департаменті қылмыстың алдын-алу бойынша жастар, жасөспірімдермен үздіксіз жұмыс істеп, түсірдіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Халықаралық есірткімен күрес күні аясында полицейлер бірқатар іс-шараны ұйымдастырып жүр. Бұл істен қоғамдық ұйымдар да қалыс қалмайды. Жыл сайын “Нашақорлықпен күрес” ұйымы, волонтерлар, тағы да басқа бірлестіктер “Есірткісіз болашақ” тақырыбында қоғамға ой саларлық істерді атқарады. Профилактикалық жұмыстардың мақсаты - жастарды есірткіге әуестенбей, алшақ болуға үндеу, жарқын болашағының қалыптасуына қадам жасау.

Есірткімен күрес - бір ғана отбасының емес, бүкіл қоғамның қайғысы. Нашақорлыққа бірге жоқ дейік!

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4935
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4131