Бейсенбі, 7 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 5672 6 пікір 21 Қазан, 2021 сағат 14:26

Маминді қуған журналист: Екі жылда Үкімет не бітірді?

20 қазан күні Қазақстан саяси аренасы сәл қыза түсті. Оған әсер еткен жайт, араға тура бір жарым жыл уақыт салып, журналистер Парламент пен Үкіметке кіруге мүмкіндік алды. 2020 жылдың 16 наурызынан бастап елдегі төтенше жағдайға байланысты журналистерге мемлекеттік органдарға кіруге тыйым салынған болатын. Тіпті қызыл аймақтан жасыл аймаққа өткен облыстардағы мемлекеттік орган жиындарына да кіре алмады.

Бірнеше апта бұрын елдегі коронавирустың таралу тұрақталып, ауру жұқтырушылар саны азайған соң, жаңа қаулы шығып, елдегі карантиндік шектеулер азайды. Бұл қоғамның жандануына және саяси аренаның қыза түсуіне де әсер етті. Ал енді журналистерге Парламентке кіруге рұқсат етілді. Бұл аса маңызды, себебі нақ осы алаңда заңдар талқыланып, министрлер мен олардың өкілдері жобаларды таныстыру және қорғауға келеді. Бір сөзбен айтқан кіл ығай мен сығайға төтесінен сұрақ қойып, жауапты аузынан суырып алудың тамаша мүмкіндігі.

20 қазан күні Парламентке журналистер кіруге құқық алды. Бұл күн республикалық бюджетті талқылау сәтімен тура келді. Сондықтан Парламент қабырғасында еліміздің Үкімет басшысы мен барлық министрлер болды. Бюджет талқыланып, 2022-2024 жылға бекітілді. Жиыннан кейін Парламент залынан шыққан шенеуніктерді тілшілер сұрақтың астына ала бастады. Ең басты назар премьер-министр Асқар Маминде болды, себебі аталмыш жиындағы лауазымы жоғары және атқарушы биліктің тізгінін ұстаған жан.

«Билік халыққа жақын болуы тиіс» деген Мамин, бұл жолы журналистердің сұрағына жауап бермей, қаша жөнелді. «Бір сұрақ, бір сұрақ қойсам бола ма» деп қаумалаған тілшілерге бір ауыз жауап айтпастан лифтіге барып тығылды. Жауаптың орнына көмекшілері «лифтінің есігін жабыңдар» деп айғайлап жатты. Журналистер арасынан «сіз қашан отставкаға кетесіз» деген ащы сауалдар да айтылып жатты. Үкімет басшысының қаша жөнелуі Мамин кабинеті жұмысының көрсеткіші болса керек.

Расымен, тілшілер айтқандай Мамин кабинеті қашан отставкаға кетеді? Жалпы кетуі тиіс пе? Оны Асқар Мамин басқарған Үкіметтің жұмысына қарап, бағалауға болады.

Асқар Мамин 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның 11-премьер-министрі болып тағайындалды. Артынша президент сайлауы өтіп, билік тізгіні Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа өткен сәтте де, Үкіметті Мамин басқарып қала берді. Мамин Үкіметі үнемі қиындықтар мен келеңсіздіктерге тап болды.

2019 жылы, 24 маусымда Арыс қаласы маңындағы әскери қоймада жарылыс болып, 3 адам қаза тапты. 400-ден астам адам түрлі жарақат алып, қала халқын басқа аймаққа эвакуациялауға тура келді. Келтірілген шығын 173 млрд теңгені құрады. Мамин Үкіметі тосыннан болған оқыс оқиғаға дайын болмады. Он мыңдаған адамды қайда уақытша орналастыру және олардың әлеуметтік мәселесін шешу бірнеше күнге созылып, халық наразылығын туындатты.

Мощный взрыв произошел в Арыси: 24 июня 2019, 10:06 - новости на Tengrinews.kz

2021 жылы 26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы әскери қойма тағы да жарылды. Бұл жолы жарылыстан 16 адам қаза тауып, республика бойынша «Аза тұту күні» жарияланды. Бұл Мамин Үкіметті екі жыл басқарып отырған уақыттағы екінші жарылыс болатын. Екі жарылыстан кейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өз еркімен отставкаға кетіп, оның орнына Арыстағы жарылысқа қатысты сөгіс алған Мұрат Бектанов тағайындалды. Мамин үкіметі қорғаныс саласы бойынша қоймалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жұмыстың деңгейін осы екі жаралыс нақтылап тұрғандай.

Коронавирус дағдарысы Қазақстан Үкіметінің шынайы қауқарын көрсетті. Ол білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада айқын көрініс тапты. Денсаулық сақтау саласы пандемия туындатқан қиындықтарды еңсеруде нақты шешім таппай дал болды. Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов коронавируспен күрес және оны тоқтату бойынша қатаң шаралар ұстану керектігін атып, карантиндер енгізді. Алғаш рет Қазақстан толық карантинге жабылып, ел аумағындағы түрлі мекемелердің жұмыстары тоқтап қалды. Бұл өз кезегінде әлеуметтік жағдайға және экономикалық өсімге кері әсерін тигізді.

Число случаев коронавируса в Казахстане превысило 761 тысячу — РТ на русском

Қазақстанның ірі қалаларындағы зертханалар тым ескі, ДДСҰ талаптарына сай болмақ түгілі, маңайына да жақындамайтыны айқындалды. Медициналық маскалар тапшылығы медицина саласындағы өндірісіміздің шынайы бет бейнесі болатын. Оны президентті 2021-жылдың 1 қыркүйектегі жолдауынан да аңғарсақ болады. Президент еліміз бойынша 12 жаңа зертхана салуды және еліміздегі вармацевтикалық өнімді және медициналық жабдықтарды кемі 50 пайыз отандық етуге тапсырма берді. Қазіргі таңда ол бар болғаны 17 пайызды құрайды.

2020 жылдың шілдесі және қыркүйек айларында халық бір жұтым ауаға зар болып, ауа толтырылған баллондарды өздігінен іздей бастады. Себебі Үкімет ол мәселені нақты шеше алмады. Өкпені тыныстандыру аппараттарын шеттен жеткізу мәселесі өз шешімін ұзақ күтті. Президент 2020 жылы шілденің 18-інде үкіметті қатаң сынға алды. Статистикадағы қателік пен вируспен күрестегі нәтижесіздікті ашық айтты. Жағдайдың күрделі екенін көрсетті.

«Баяндамаларға қарасам, жағдай қалыпты және бақылауда сияқты. Алайда шынайы іске келсек олай емес. Мен өзімнің әкімшілігіме еліміздегі дәрі-дәрмектің қолжетімділігі мен тапшылығын тексеруді тапсырдым. Нәтижесі қуантарлықтай емес. Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында дәрі жетіспеушілігі байқалады. Дәріге кезекке тұру, қажет дәрілердің тым қымбаттап кетуі орын алуда.

Мемлекетік органдар тарапынан нақты жұмыс болмағандықтан халық бұл мәселені өз бетінше шешуге кірісіп кетті. Бұл нонсенс! Халық жаппай оттегі толтырылған баллондар сатып алуда. Бұл ауруханалардың тікелей міндеті. Өндірістік өттегі баллондарын үй жағдайында қолдану фактілері тіркелуде. Үкімет пен әкімдікке бес күннің ішінде ауруханаларда және үй жағдайында қолдануға болатын өттегі толтырылған баллондармен қамтамасыз етуді тапсырамын», - деп тапсырма берген болатын», - деді президент.

Бұл денсаулық сақтау саласындағы Үкімет жұмысының нәтижесіздігі болатын. Алайда сыннан нәтиже шығарған Үкімет болмады. Оған президенттің 2021-жылдың 1 сәуір күні президент Цойдың қызметін қатаң сынады.

«Алексей Владимирович, мен бұрын айтқанымдай, қазіргі уақытта Үкіметтегі басты міндет денсаулық сақтау министрі, сіздің ерекше құзыретіңіз бар. Сіз жұмысыңызды жақсы бастадыңыз да, кейіннен екпініңіз азайды. Сәуір айында сіз жағдайды қалыпқа келтіруге тиіссіз. Олай болмаған жағдайда сізді қапаландыратын кадрлық тағайындаулар болады. Бұл тек қана денсаулық сақтау министрлігіне ғана емес, жалпы Үкіметке қатысты», - деген болатын президент Тоқаев.

Цой жиында қыркүйекке дейін 10 млн адамды вакцинациялауға уәде еткен. Алайда күнтізбеде қазанның 21-жұлдызын көрсетіп тұрса да, елімізде толық вакцинация алған жандардың саны әлі 8 млн адамды құрайды. Үкімет әлі күнге елімізге ДДСҰ мойындаған Еуропа елдерінің вакциналарын жеткізбеді. «Әне-міне жеткіземіз» деген уәделер толастар емес, бірақ нақты күн әлі белгісіз.

Школы РК не готовы ни к дистанционному, ни к очному обучению! | Национальный портал “Адырна”

Мамин 2021 жылдың 5 ақпанында еліміздегі интернет жайлы былай деді:

«Цифрландыру экономика саласында да, адам өмірінде де өте маңызды мәселе екенін айта кеткен жөн. Барлық жерде жұмыс, білім беру саласы қашықтан жалғасып жатыр. Бұл цифрлық экономиканың айтарлықтай маңызды екенін көрсетеді. Пандемия Қазақстанның экономикасы тұрақты екенін көрсетті. 2020 жылы Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша 29 орынға тұрақтады. Біз ары қарай да цифрландыруды дамытуды мақсат етіп отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, біз қазіргі таңда мемлекеттік органдарды толығымен цифрландыру жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Ақпарат жинау және анализ жасау жолында цифрлық инновацияларды қолдана отырып, жаңа жүйелерге жол бастайтын боламыз. Алдағы бес жылда Қазақстанның барлық облыстары мен аймақтары 5G интернетпен қамтамасыз етілетін болады.

Шектеулерге қарамастан, біз цифрлық инфрақұрылымның қол жетімділігі мен сапасын жақсарту бойынша күш-жігерімізді жеделдеттік. 2020 жылы біз 20 мың шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желілерін салудың МЖӘ жобасын аяқтадық. Мыңнан астам ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылды, бұл аймақтардағы технологиялық теңсіздік деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде бүгінде Қазақстан халқын интернетпен қамту 99% құрайды».

99 пайыз! Әрине бұл цифрға тек Үкіметтегі жандар ғана сенетін шығар. Себебі әр қаладан қырық шақырым шыққанан кейін байланыс нашарлап кететіні әр қазақстандыққа мәлім, ал көптеген ауылдарда тіпті интернет жоқ, әлі жеткізілмеген. Мысалы пандемия білім саласын онлайн форматқа ауыстырды. Алайда оқытуды көптеген ауыл балалары қашықтан өтуге мәжбүр болды. Тікелей эфир өткізуге интернет мүмкіндік бермей, whatsapp желісі арқылы тапсырма алып, оған жауап беру форматында білім берілді. Әрине, ондай білімнің сапасы жайлы айтудың өзі артық шығар.

Картофель может стать еще дороже: Кыргызстан введет ограничение на экспорт - События дня

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы да тұралып қалды. Теңге құнсыздануы артты, инфляция көбейді. 2021 жылдың көктемінде негізгі тұтыну тауарлары мен азық-түлік түрлерінің бағасы күрт қымбаттады. Қоймаларда картоп, сәбіз, картоп және басқа көкөніс бағалары шарықтап кетті. Оған Үкіметтің әсері қате саясаты әсер еткен болатын. Мысалы қоймадағы картопты сыртқа экспорттан, араға уақыт салып, үш есе қымбатқа импортпен алуына тура келді.

Бұл қазіргі Үкіметтің сансыз олқылықтарының бір бөлігі ғана. Сондықтан журналист қойған сұрақтың жауабы бізге де қызық: Мамин Үкіметі қашан отствакаға кетеді?

Ка Мырза

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1096
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1930
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 1911