Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3019 1 пікір 21 Қазан, 2021 сағат 16:18

Халықтың ақшасын алып, байытпай-ақ қойыңдар!

Абайлаңдар дегенім үшін қанша қарғап сілегендер, соңында заңды көмек бермегенім үшін сөгіп шықты! Жалпы кейбір адамдарға абайлаңдар, бірінші дұрыстап зерттеп алыңдар деп ескертсең басың бәлеге қалады!

“Ломбард24, , “Индиго”, “Аманат хоум” сенімсіз қомпаниялар, яғни алаяқтар деп айтқанымда бәрі жан-жақтан қарғап сілеген еді. Көбінесе инстаграмда тікелей эфирге шығып ескертіп отыратынмын!

Бір күні көп балалы бір әйелден мынандай хат келіпті: “Қазақтың байығанын көре алмайтын салдақы, сен сияқтылар билікте отырып халықты байытқысы келмейді” деп! Құрысын өздерінен көрсін бастарына тимей бұлар тоқтамайды деп үндемей қоя салдым. Бүкіл ағысқа жалғыз өзің қарсы жүзуің мүмкін емес! Тек өз жақын таныстарымды алдын ала сақтап қалдым.
Ол кезде “Ломард24” тің жарнамасы қатты жүріп жатқан. Әншілер мен актерлер , ел алдында сауық сайран құрып жүргендердің біразы соңында жәй кешіріммен құтылып кетті. Зар жылап қалған қарапайым халық!

Бүгінде “Миллионер болуға шақырып жатқандарға” үндемей отырсам болар еді өзіме жау жинамай! Мүгедек апайдың “ақшамды қайтарыңдар көмір алайын “, деген даусы құлағымнан кетер емес! Тағы да қолыма қалам алып жазып, дабыл қағуыма тура келіп тұр! “Айгүл сіздердің байығандарыңызды, сіздердің миллионер болғандарыңызды көре алмайды деп шығатын шығар ендігі сабақтарында.

Бай болыңыздар, бар болыңыздар! Маған халықтың жыламағаны керек, әрбір істі бастар кезде жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіздер! Бизнес бастамас бұрын іштегі нарықты зерттеңіздер! Сіздерден бұрын бастаған адамдар да бар екенін ескеріңіздер!

Коучтар мен “психологтар” өз сабақтарында бумеранг жайлы көп айтады. Сол коуч, “психтарға” мен де ақыл айтайын мүгедектерді, шарасыз адамдарды жылатқандарың үшін құдай осы өмірде жазасын береді!
Өз тілдеріңде жазып берейін оқыңдар!

Мұсылманның өзі мен сөзі тура болған соң ісі де тура болуы тиіс. Мұсылманның ісінде қулық пен айлакерлік орын алмауы керек. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні бір бидай үйіндісін көреді. Қолын оның ішіне салған кезде бидайдың үстіңгі жағының құрғақ, ал астыңғы жағының сулы екенін байқап, бидайдың иесінен: «Бұл не?» – деп сұрайды. Сатушы: «Оған жаңбыр тиді» дегенде, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ол су бөлігін адамдардың көруі үшін үстіне қойсаң қайтеді. Бізді алдаған бізден емес», – дейді».

Халықтың ақшасын алып , халықты бұлай байытпай-ақ қойыңдар!

Айгүл Орынбек

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613