Жұма, 27 Желтоқсан 2024
4004 0 пікір 29 Қазан, 2021 сағат 15:22

Өзбекстанға 133 млн долларға телефон импортталған

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстан 133,2 миллион АҚШ долларының тауарын импорттаған. 

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, жылдың алғашқы үш тоқсанында Өзбекстанға әкелінген ұялы телефондардың жалпы құны 133,2 миллион долларды құрады. Телефондар әлемнің 13 елінен әкелінген.

Биылғы жылдың 8 айында Өзбекстан 1,6 миллион телефон импорттағанын ескерсек, тек қыркүйек айында ғана 300 мың телефон импортталған. Ұялы телефондардың басым бөлігі Қытай (69,6 миллион доллар) мен Вьетнамда (49,6 миллион доллар) сатып алынған.

Өзбекстанға телефон экспорттайтын елдердің қатарында Үндістан, Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Ресей және Оңтүстік Корея бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2054