Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 3379 0 пікір 26 Шілде, 2012 сағат 13:54

Ардабек Солдатбай. Ол елден кетсін!

Уа, Алаш! Барыңнан айырылатын болдың!

Айырылып та жатырсың... Барың не еді, бағалың қайсы? Ол сенің мойының қамыттан, білегің бұғаудан азаттығың емес пе! Кісәпірге құлдықтан адалығың емес пе! Бар деп жүрсек, Барымыздың өзі бұлдыр, болашағы бұлыңғыр болды...

Рас, құдайшылығын айтып мойындайықшы, сіз бен біз тәуелсіздіктің дәмін татқанымызбен, құнын парықтай алмадық. Алманы жақсы көретін бала секілді, ол бірақ диханның төккен терін, еткен еңбегін бағалай алмайды.

Тәуелсіздігіміз тәтті алмадай ғана болды. Рас, басқаның таласы жоқ өз уысыңдағы алма. Ал да кіршілдетіп жей бер.

Солай болды. Бәріміз анталай ауыз салдық. Жапа-тармағай жұлқылай бастадық. Тістемеген ауыз, ұстамаған қол қалмады. Ал келіп жырымдадық. Ру-руға, жүз-жүзге, саңырау діндерге, сансыз ағымға, санасыз секталарға, тойымсыз топтарға айналдырдық Барымызды. Алманың бүтін болса ғана алма екенін, кетілген соң азыққа айналатынын түсінбедік.

Құлқынымыз озып шықты. Рухымыз шаң қапты.

Уа, Алаш! Барыңнан айырылатын болдың!

Айырылып та жатырсың... Барың не еді, бағалың қайсы? Ол сенің мойының қамыттан, білегің бұғаудан азаттығың емес пе! Кісәпірге құлдықтан адалығың емес пе! Бар деп жүрсек, Барымыздың өзі бұлдыр, болашағы бұлыңғыр болды...

Рас, құдайшылығын айтып мойындайықшы, сіз бен біз тәуелсіздіктің дәмін татқанымызбен, құнын парықтай алмадық. Алманы жақсы көретін бала секілді, ол бірақ диханның төккен терін, еткен еңбегін бағалай алмайды.

Тәуелсіздігіміз тәтті алмадай ғана болды. Рас, басқаның таласы жоқ өз уысыңдағы алма. Ал да кіршілдетіп жей бер.

Солай болды. Бәріміз анталай ауыз салдық. Жапа-тармағай жұлқылай бастадық. Тістемеген ауыз, ұстамаған қол қалмады. Ал келіп жырымдадық. Ру-руға, жүз-жүзге, саңырау діндерге, сансыз ағымға, санасыз секталарға, тойымсыз топтарға айналдырдық Барымызды. Алманың бүтін болса ғана алма екенін, кетілген соң азыққа айналатынын түсінбедік.

Құлқынымыз озып шықты. Рухымыз шаң қапты.

Жау жар астында, сенің қамсыз қалпың, тоғышар түріңді көріп отырған дұшпан уысынан шығарып алған ұлан-ғайыр даланы қайтарып алудың қиын емес екенін біледі. Сен тәуелсіз болдым десең де олар сені үнемі өзімдікі дейді. Тіпті бір күн де ол ұстанымдарынан қайтқан емес. Егемен ел болдым деп етегің жалпылдап тойдан той өткізіп жүрген тоқсаныншы жылдары олар Своиктардың ауызымен «мынау қазақ ел болмайды, түбі төртаяқтап Ресейге жалбарынады» дегізді.

Тәуелсіздік деген қасиетті ұғымды әлі санамызбен қабылдап үлгермей жатып, оппозиция деген ойыншылар шыға келді. Серкелері ылғи да теріскейге қарап маңырайтын, өздері де, үрім-бұтағы да қазақ болып туғандарын ұят санайтын дүбаралар, аралас некеден туғандар және аралас некеде тұрғандар. Қатты айтқаным емес, қамығып айтқаным. Шүлдірлеген тілі бар, шұбарала ділі бар жалған оппозиция міне, құдай куә, жиырма жылда бір рет те қазақтың қамы үшін бір ауыз сөз айтқан емес. Тілі орыс, діні батыстық оппозиция қазақтың дәстүрін, тілін, дінін, ділін бірден аяққа таптаған болатын. Олар үнемі  тек өз пайдалары үшін күресіп келеді. Халыққа бірде бір игілікті іс жасаған жоқ. «Назарбаев, кет!» деп улап-шулап жиын өткізу игілікті іс емес.

Алла ғана мінсіз! Елбасы да пенде. Оның да адами кемшіліктері бар, әрине. Тұлға таңдауда, халықты бірлікке шақыруда жіберіп алған ағаттықтары жоқ емес. Алайда, ол президенттің бұл елдің тәуелсіздігі үшін атқарған істерін жоққа шығара алмайды. Алланың қалауымен ол көп қызметтер атқаруда. Оның есімі бәрібір қазақтың тарихына алтын әріппен жазылатыны сөзсіз.

Ол елдің бірлігін нығайтқан кезде ғана тәуелсіздікті ұстап тұруға болатынын түсінеді. Бірақ оған кім жол берсін. Тоғышарлары көп қоғаммен жалғыз өзі не істей алсын? Жаудың қайдан төбе көрсететінін білді. Солардың тілін тапсам халықтың бірлігін сақтаймын деді. Жалғыздық жанына батты. Басқа амалы да жоқ еді. Оны, қазақ, сен түсінбедің. «Орысқа сатылған» қылдың. Опа бермейді дедің. Әміршінің жағасына жармаспай, оның төңірегіне бірігіп, бекем болу арқылы ғана егемендігімізді сақтай алатынымызды ұғынбадың!

Өзіңде бірлік болмаған соң енді ескі де жаңа қожайының қайтадан есігіңді теуіп еніп келеді төріңе. Елбасыңның баяғыда-ақ алды-артын буып тастаған. Арқа сүйетін тірегі - халқында бірлік жоқ...

Қансоқта қамыт Кедендік одақ, Еуразиялық одақ болып киіліп бастады. Оны кигізуге оппозиция бар күш-жігерін жұмсады. Своиктар ұйқы-күлкі көрмей жұмыс істеді. Жайда президенттің әр ісін сынап-мінеп отыратын П.Своик Кедендік одақ туралы идеяны жан-тәнімен қолдай кетті. Кедендік одақтың құрылуы үшін атқарған еңбегіне оның қандай сый алғанын әзір білмейміз, алайда Путин жомарт патша болса оған «Ресейдің батыры» атағын беретіні сөзсіз.

Владимир Путиннің ескі де жаңа қожайын болып аттайтын табалдырығы Павлодар болатын түрі бар. Қазір Павлодар патшаны күтіп алуға дайындалып жатыр. Жиырма жылда қаланың атауы неге қазақшаланбағанын енді түсініп отырмыз. Қала билігі «жыртылып» жатыр.  Шын мәнінде. Путинді қарсы алу үшін қаланы жөндеуге бюджеттен 3 млрд теңге, ол қатысатын аймақаралық форумды өткізуге 5 млрд теңге бөлініпті. Қазір қала көшелері де жырым-жырым болып жыртылып жатыр. Жаппай жөндеу жүргізілуде. Ақ патша келеді...

Нұрсұлтан Назарбаев та Павлодарға талай ат басын тіреді. Бірақ билік дәл осылай жыртылмап еді. Павлодарлықтар үшін Назарбаевтың емес, Путиннің бәсі жоғары болып тұр. Мұндай аймақаралық форумдар бұрыннан өткізіліп келеді. Бірақ дәл бұл жолғыдай шала бүліну болған жоқ. Бұл жолғысы ерекше, ерекше салтанатты...

Қазаққа құрметті болған әкесінің қазаққа сіңірген еңбегін үнемі мақтан тұтатын, әр іске білек сыбанғанда қазақтың әулиесі Мәшһүр Жүсіптің басына түнеп Алладан медеу сұрайтын, бұрын ұлтжандылығымен аты шықса, енді ұлтбұзарлығы ұлғайып келе жатқан облыс әкімі Ерлан Арынның бұл ісі азамат атына сын, әрине. Бірақ, биліктің буы буынына түскен соң одан есті іс күту ерсілік болар енді.

Хош, сонымен Павлодарға Путин келеді. Келгенде не дейді? Не дейтінін Своиктың ауызымен айтқызып жатыр. Міне, бүй дейді: «Если лукаво феодальную языковую политику поменять на современную, придется исходить из той реалии, что казахским государственным языком в Казахстане является русский язык. В том числе благодаря необратимо состоявшемуся русскоязычию казахских элит. Казахский же язык, исходя из тех же реалий, рано или поздно придется превращать во второй, к русскому, язык межнационального общения. Через действительное обучение в школах, стимулы и требования двуязычия для кандидатов в депутаты, министры и руководители госорганов. Только на таком пути удастся поднять казахский до второго государственного языка».

Солай, құлдық қамытын киген ел менің тілім бірінші тұрады деп қожайынына ешқашан айта алмайды. Міне, біздің оппозиция! Міне, олардың кімге қызмет ететінінің айқын дәлелі. Міне, қазақтың жауы кім екені! Аш көзіңді, Алаш! Барыңнан, бағыңнан айырылуға құмылсың ба, әлде?!

Иә, Тәуелсіздік тәтті алмадай. Бірақ жапа-тармағай ауыз салатын бақшадағы көп алманың бірі емес, Хауа анамыз тісін тигізіп күнәлі болған жұмақтың алмасындай киелі екен. Оны бүтін ұстасақ қана құны болатынын түсінетін кезіміз жетті. Бүтіндік - бірлікте. Анау бір күндері желді ауыз қулар «Путин келгенде Павлодарды «Нұркент» деп атайды екен. Нұрлана түсетін болдық деп» Назарбаевқа қатысты желбуаз сөздің көрігін қыздырып еді. Айтқандары Алланың құлағына шалынсын деп біз отырмыз. Путинград болғанша, Нұркент болғаны жақсы.

Біздің білуімізше, Тәуелсіздік үшін шын күрес енді басталады. Ол күрестің қаһармандары биліктегі итаршылар да емес, жалған, жау оппозияция да емес, біз үнемі айтып жүрген үшінші топ - ұлтшылдар болмақ. Солар ғана Елбасының төңірегіне ешқандай жеке мүдде көздемей топтаса алады. Елбасының да басқа амалы жоқ. Ұлтшылдарға сенуі тиіс, арқа сүйеуі керек.

Бүгін Своик бейнесіндегі оппозиция біздің анық жауымыз болып тұр. ЖСДП-ның бетпердесі толық ашылды. Своиктың пікірі, ол басшылығындағы ұйымның пікірі! Енді Жармахандардың сөзіне ешкім сенбейді. Енді ұлтшылдар оппозицияның өзіне оппозицияға айналады. П.Своик жоғарыда айтқан сөзі үшін қазақ халқының алдында тізерлеп кешірім сұрағанша одан «ҚАЗАҚТЫҢ ЖАУЫ» деген ат қалмайтын болады. Ол елден кетсін!

Қазақ ұлтшылдары қазақтың мойнына Кедендік одақ секілді қанқұйлы кесапатты күшпен ілген Путиннің қазақтың жеріне келуіне қарсылық танытуы тиіс! Орыс патшасы қазақтың да халық екенін, Тәуелсіздік тек Назарбаевтың меншігі емес, оны қорғайтын қара орман халық барын білсін! Ел екенімізді танытанын кез жетті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1513
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3283
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5827