Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2825 6 пікір 15 Қараша, 2021 сағат 16:47

Мамин: «Сбермен келісім жасау - қажеттілік»

MINSK, BELARUS - JULY 17, 2020: Kazakhstan's Prime Minister Askar Mamin takes part in an extended meeting of the Eurasian Intergovernmental Council. Dmitry Astakhov/POOL/TASS Áåëîðóññèÿ. Ìèíñê. Ïðåìüåð-ìèíèñòð Êàçàõñòàíà Àñêàð Ìàìèí íà çàñåäàíèè Åâðàçèéñêîãî ìåæïðàâèòåëüñòâåííîãî ñîâåòà â ðàñøèðåííîì ñîñòàâå. Äìèòðèé Àñòàõîâ/POOL/ÒÀÑÑ

Премьер-министр Асқар Мамин БАҚ өкілдерімен жиында Ресейлік «Сбермен» меморандум «қажеттілік» деп жауап берді.

«Тек «Сбер» платформасы ғана бізге кодтарды алуға және ақпараттық қауіпсіздік органдарында кодтарды сақтауға мүмкіндік береді. Яғни, іс жүзінде біз дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге кепілдік береміз. Қазақстанда 400-ге жуық ақпараттық жүйе бар, бірақ олардың бір-бірімен байланысы нашар.

Деректерде айырмашылық бар, алайда бұл әрқашан тиімді болады деген сөз емес. Платформа арқылы біз осы мәселені шеше аламыз деп үміттенеміз. Жергілікті қазақстандық IT-сектор жұмысқа тартылатын болады. Сондықтан біздің азаматтарымыз сандық тәуелсіздіктен айырылуы немесе жеке деректердің сыртқа кетуі туралы мәселеге алаңдамауы керек. Бұл үкіметтің жауапкершілігінде», - деді Асқар Мамин.

Биыл қыркүйекте Премьер-министр Асқар Мамин мен Сбердің басшысы Герман Греф «Қазақстанды цифрландыру бойынша жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойды. Құжатқа қол қою рәсіміне екі ел президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин онлайн қатысқан болатын.

«Сбермен» келісімге қазақ қоғамы, сарапшы мамандар мен ІТ саласының мамандары қарсылық білдіруде.

«Атамекен» ҰКП Төралқасының акт, Білім және инновациялар комитетінің төрағасы Болат Башеев бірнеше IT мамандары бірігіп Президенттің атына ашық хат жариялады.

Хатта Сбер келісімінің қате қабылданған шешім екендігі және Қазақстандық IT саласына келтірер залалы ұшан-теңіз екені айтылған.

«Әлі негізі қаланбаған «ГосТех» деп аталатын Сбер платформасы Platform V технологиялық платформасына қарайды. Бұл платформа – микросервистік архитектураға негізделген және технологияларды қолдана отырып, ашық бастапқы кодпен жасалған бағдарламалық өнімдер жиынтығы.

«Сбер» платформаның құрылғаны туралы былтыр 30 қарашада жариялады. Яғни, бұл – базасы әлі жетілдіру деңгейінде тұрған платформаны сатып алу деген сөз», - деген дерек келтірілген хатта.

БҰҰ 2020 жылғы «Электрондық үкіметті дамыту деңгейі» рейтингі қорытындысы бойынша Қазақстан 193 елдің ішінде 29 орынды, онлайн-қызметтер сапасының индексі бойынша 11 орынды алған, ал Ресей 36 орынды иеленген.

Отандық мамандар Қазақстан әлемдегі ең үздік eGov-тың 15% алатынын, ТМД елдері арасында көшбасшы болып отырғанын, ал отандық IT мамандар елде қажет болмаған соң, шетелге кетіп жатқанын, бұл өз кезегінде елдің цифрлық тәуелсіздігі мен ақпараттық қауіпсіздігінің төмендеуіне әкелетінін айтып дабыл қағуда.

Ал, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «Біз бұл мәселеге жүйелі түрде қарадық. Әр түрлі кейстерді, соның ішінде Араб Әмірліктері, Сингапурды зерттедік. Олар негізінен Microsoft-ты қолданады,  біз де  2017 жылы Microsoft-пен келіссөздер жүргізуге тырыстық, олар бізге бастапқы кодтарды ашқанымен , толық иелікке берген жоқ. Былайша айтқанда, бізден бас тартты.  Сондықтан біз ұлттық қауіпсіздік комитетінің талаптарын және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі заңнаманы қанағаттандыратын шешімдерді іздедік. Меморандумда мынаны жаздық: бізге ашық бастапқы кодтар керек. Біздің деректерімізді теріс бағытта пайдаланушылар болмау үшін бетбелгілер бар-жоғын тексердік», - деп жауап берген әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мусиннің сөзінше «Сберге көшетін барлық ақпаратты қазақстандық мамандар жүзеге асырады, ресейлік мамандардың тікелей араласуына рұқсат берілмейді-мыс.

Асқар Мамин Цифрлық даму министрлігі келіссөздер жүргізіп жатқанын, алдағы уақытта осы мәселеге байланысты сұрақтар туындамау үшін әрдайым қоғамды хабардар етіп отыратынын айтты.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490