Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
3449 0 пікір 18 Қараша, 2021 сағат 15:14

ТМД аймағындағы үш ел діни сенім бостандығын бұзған

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен діни бостандықтардың бұзылуына қатысы бар немесе оларға шыдамдылық танытатын елдердің тізімін жариялады. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтында хабарланды.

Діни бостандықтарды бұзатын 10 елдің тізіміне Тәжікстан, Бирма, Қытай, Эритрея, Иран, Солтүстік Корея, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Түркіменстан және Ресей кіреді. Тізімдегі елдер «діни сенім бостандығының жүйелі, үздіксіз, өрескел бұзылуына» байланысты Мемлекеттік департаментті ерекше алаңдатып отырғаны атап өтілді.

Арнайы тізімге Алжир, Комор аралдары, Куба, Никарагуа кіреді, олар АҚШ Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, «діни сенім бостандығын өрескел бұзған».  АҚШ билігі діни сенім бостандығын өрескел бұзған елдерге қысым жасап, санкция салынуы мүмкін екенін де ескертті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1098
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2640
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733