Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3366 0 пікір 24 Қараша, 2021 сағат 13:07

Депутат: Этникалық қазақтарды білім гранттарымен барынша тарту керек

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты,
«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Ж. Сүлейменованың
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Е. Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады. Ол сауалында қандастар мәселесін көтерген. 

"1991 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген аса маңызды құжат болды. Биыл осы тарихи шешімнің қабылданғанына 30-жыл толды. Көп ұзамай Елбасы «Алыста жүрген ағайынға ақ тілек» атты Жолдауын жариялап, шеттегі қандастарымызды елге шақырды. 1991 жылдан бері елімізге 1,5 млн-нан астам қандасымыз қайта оралып, Ата жұртымен табысып, Тарихи Отанының дамуына еңбек етуде.

Шетелде тұратын этникалық қандастарымыздың Қазақстанда білім алуы 1994 жылы жоғары оқу орындары базасында этникалық қазақтарға арналған дайындық курстарынан бастау алады. Ол кезде қандастарымыздың Қазақстанда тегін білім алуға арналған мемлекеттік квота 2% құрады. 2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен мемлекеттік квота 4% - ға дейін өсті. Алайда, аталған квота толыққанды орындалмай келеді.

Бірақ бүгінгі таңда, оқуға түсуге ниет білдіргендердің саны көп  болуына қарамастан, студент атанғандар жылдан жылға азаюда.

Оның негізгі себептері:

Шетелдегі қандастарымыз үшін Қазақстанның білім беру мүмкіндіктері туралы ақпараттың жеткіліксіздігі немесе болмауы;

Шетелдегі қандастар арасында қазақ тілін үйренуге тиісті оқу-әдістемелік базаның болмауы;

Этникалық қандастарымыз үшін ҰБТ емтихандарын тапсырудың қиындығы. Өйткені, қазақстандық білім беру бағдарламасы бойынша 11 жыл оқыған талапкер, Қазақстанда ешқашан оқымаған немесе тек 9 айлық дайындық курсынан өткен қандастарымыз тең дәрежеде тест тапсырады. 2021 жылы техникалық қиындықтарға кезіккен.

2019 жылы ҰБТ-ға қатысуға құжат тапсырғандар саны –  2000 адам, 863 адам оқуға түсті.

2020 жылы ҰБТ-ға қатысуға құжат тапсырғандар саны – 2025 адам болса, оның 930-ы ғана оқуға түсті;

2021 жылы ҰБТ-ға қатысуға құжат тапсырғандар саны – 2478 адам болса, небәрі 796-сы ғана оқуға түсті.

Nur Otan партиясы фракциясының депутаттары шетелдегі қандастарымызға арналған жаңа білім беру концепциясын қарастыруды және қандастарымыздың елге оралып, тегін білім алуына қатысты келесі ұсыныстарды енгіземіз:

Біріншіден, этникалық қазақтар үшін халықаралық емтихандармен сәйкестендіре алатын ҰБТ-ның баламалы емтиханын енгізуді қарастыру қажет. Сонымен қатар, дайындық курстарын тілдік курстарға өзгертуді ұсынамыз.

Екіншіден, этникалық қандастарымызға Болон процесі және академиялық ұтқырлық стипендиялық бағдарламасы аясында магистратура мен доктарантураға жеке квота бөлуді қарастыруды ұсынамыз. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша қандастарымыз барлық шетел азаматтарымен бірдей дәрежеде қатысады. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағытымен Еуропа мен ТМД елдеріндегі этникалық қандас студенттер алмасу үшін квота бөлінуін ұсынамыз.

Үшіншіден, Қазақ диаспорасы көп шоғырланған елдерден үкіметаралық білім беру гранттары аясында этникалық қандастарды барынша тарту қажет.

Төртіншіден, Шетелдегі этникалық қандастар арасынан педагогтар мен ғылыми қайраткерлер қауымдастығын құру. «Абай институты» қазақ тілін оқытуға бағытталған интернет портал жұмысын күшейту, Конфуций, Гете мәдени ұйымдары тәжірибесінде одан әрі дамыту. Онлайн форматта қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, балалар әдебиеті бойынша шетелдегі қазақ қауымының тілдік ерекшеліктерін ескере отырып, әмбебап кітаптар әзірлеу. Qazaq TV-де қазақ тілін оқытудың телевизиялық нұсқасын іске қосу (120 елдің аудиториясы). Шетелдік жоғары оқу орындарында «Қазақ тілі» бөлімдері бар факультеттерге қаржылық, гуманитарлық және әдістемелік қолдау танытуды ұсынамыз.

Бесіншіден, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ мектептері сақталған Өзбекстанда – 370 мектепке, Моңғолияға – 43 мектепке әдістемелік және ғылыми қолдау көрсету қажет. Бұл мектептердегі мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды қолға алу өзекті. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының аумағында қазақ тілін оқыту мүмкіндіктерін қарастыруға байланысты білім беру ұйымдарымен жұмысты күшейтуді ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз" дейді депутат өз сауалында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377