Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1724 0 пікір 24 Қараша, 2021 сағат 15:06

Алматы облысы: Өрт қауіпсіздігі – өзекті мәселе

Алматы облысының аумағында жылыту кезеңінің басынан бастап облыс аумағында 124 өрт орын алып, 3 адам қаза болған. Ол көбіне тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан туындайды. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды.

2021-2022 ж. ж. жылыту кезеңінің басынан бастап өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен қатты отынмен жұмыс істейтін пешті пайдалану кезінде 2 өрт тіркелген, бұл тұрғын үй секторындағы өрттердің жалпы санының 1,8% - ын құрайды.

Алматы облысының аумағында халықтың әлеуметтік осал топтарының 13 953 отбасы бар, оның ішінде атаулы көмекке мұқтаж 6199 көп балалы отбасы, 4683 аз қамтылған отбасы, 1748 жалғызілікті мүгедек және 1323 жалғызілікті зейнеткерлік жастағы адамдар.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларын қолдау мақсатында облыс әкімдігі 2019-2020 жылдары 24 мың 524 улы газды анықтау датчиктерін сатып алып, орнатты.

«Бүгінгі күні халықтың әлеуметтік осал топтарының 13 953 үйі қамтылды, оның барысында 23 903 азаматқа нұсқау берілді. Үйлерді аралау барысында 1576 бұзушылық анықталды, оның ішінде 1 371 тұрғындармен өз бетінше жойылды, яғни 86% бұзушылықтар жойылған, өз кезегінде бұл бұзушылықтарды өз бетінше жойған азаматтар, мүмкін өзімен қоса жақын адамдарының өмірін сақтап қалды, қалған үйлердегі бұзушылықтарды жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер ұйымдармен бірлесіп адрестік көмек көрсету жоспарлануда», - деді Алматы облысы Төтенше жағдайлр департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Манат Бексұлтанұлы.

Жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйлерінде пештердің әлсіздігіне байланысты оларды пайдалану және жабдықтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бірқатар бұзушылықтар бар екенін атап өткім келеді, түтіндіктер күйеден уақтылы тазартылмайды, пештерге жөндеу жүргізілмейді, жарықтар сыланбайды,-дейді мамандар.

Бүгінгі күні аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп қажеттілік нормалары анықталды, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде табиғи газдың шығуын анықтайтын қосымша 1464 бірлік өрт автономды хабарлағыштарын және 831 бірлік датчиктерді орнату бойынша облыстық бюджеттен 5 млн.298 мың теңге бөлінген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379