Дүйсенбі, 5 Қазан 2026
6139 24 пікір 26 Қараша, 2021 сағат 16:07

Ұлыбритания Ресеймен соғысуға дайындалып жатыр

Ұлыбритания Ресеймен соғысу үшін Германияда жаңа әскери базалар құрып, жүздеген техникаларды жеткізбек. Бұл туралы Times басылымы жазды. 

Генерал-лейтенант Ральф Вуддистың айтуынша жаңа базалар жылдам қозғалу мен қажет жағдайда жылдам топтасу үшін ауадай қажет. Бұл сонымен қатар Ла-Манш бұғазы арқылы да тасымалдауды жылдамдатады. Бұл техниканың барлығын Еуропа ішінде, Эстония мен Польша аумағында да қолдануға тиімді. Тағы екі әскери база Кения мен Оманда құрылмақ.

«Мен Германия аумағындағы әскери техникаға аса мән береміз деп сенемін. Себебі бұл құрлық әскерін тиімді пайдалануға қажет», — дейді қолбасшы. Германияға Challenger 3 танктері мен брондалған Boxer көліктері, Ajax әскери көліктері мен артиллериялық құрылғылар, соққы жасаушы дрондар жеткізілмек.

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 731
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1026