Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
4574 0 пікір 2 Желтоқсан, 2021 сағат 16:37

Мектептерде жаңа жылдық кеш өтпейді

Бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша мектептерде жаңа жылдық кештер мен балалар ертеңгілігін өткізуге рұхсат етілмейді.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл сұраққа:

«Ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық іс-шараларға келсек, мектептерде болмайды. Бас санитарлық дәрігердің шешімі бар, біз бұл шешімдерге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық шаралар өтпейді. Бір сынып ішінде мерекелерді өткізу мектеп әкімшілігі деңгейінде жүргізіледі», - деп жауап берді.

Сонымен қатар, «Омикрон штамына қатысты мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына көшу не көшпеу туралы айту әлі ерте, қорытынды шығаруға ақпарат жеткіліксіз» екенін айтты Министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2522
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 660