Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2782 0 пікір 6 Желтоқсан, 2021 сағат 14:07

Бакиевтер Лукашенкоға 1,6 млн доллар пара берген

"Беларусь күш қызметкерлерінің бірлестігі - BYPOL" деп аталған YouTube каналында беларусь президенті Александр Лукашенкоға пара бергендер туралы зерттеу жарияланып, арасында Қырғызстанның бұрынғы президенті Курманбек Бакиевтің отбасы туралы да айтылды.

3 желтоқсанда жарияланған жартты сағаттық видео-зерттеу авторларының айтуынша, Курманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиевтің әйелі Айжан Кененбаева Лукашенкоға пара бергендер тізімінде екінші орында тұр.

Зерттеуде айтылғандай, Бішкектің экстрадиция туралы талабынан ресми түрде бас тарту үшін Лукашенкоға қымбат көлік және мотоцикл Айжан Кененбаева арқылы берілген.

Көлік және ұшақтарды жинауды жақсы көретін Лукашенкоға Кененбаева арқылы 1,4 млн еуролық Mercedes-Maybach S600 Pullman Guard көлігі және 26,5 мың долларлық Harley-Davidson мотоциклі тарту етілген. Бұдан бөлек де бағалы сыйлықтар берілген болуы мүмкіндігі айтылған.

BYPOL 2020 жылдың қазан айында құрылған. Оның құрамына Беларусьта заңдылықты және тәртіпті қалпына келтіруге ұмтылған күш қызметкерлері кірген. Биыл қараша айында беларусь билігі бұл ұйымды "экстремистік ұйым" деп жариялап, мүшелеріне қарсы тергеу бастаған.

2010 жылдың 7 сәуірінде Қырғызстанда 87 адамның өмірі қиылған халық толқуынан кейін Құрманбек Бакиев билігі құлатылды. Ол жақындарымен шетелге қашып, өзі отбасымен Беларусьта тұрып жатыр. Бас прокуратура мәліметі бойынша, Бакиевке қарсы оншақты факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сыртынан 30 жылға бас бостандығынан айырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516