Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 4129 7 пікір 11 Желтоқсан, 2021 сағат 16:56

«Енді Қазақстан өмір сүре алмайды дегендер болды»

Мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрім Есен Елеукенмен сұхбатында тәуелсіздік алған алғашқы жылдарды еске алды. Егемендік аларда қандай қорқыныш болды, мемлекет қандай тәуекелге барды деген сұрақтар аясында біраз естеліктермен бөлісті.

«Тәуелсіздік алардың алдында үлкен қобалжу болды. Президент аппаратының өзі екіге бөлінді. Жасыратын ештеңесі жоқ, «бұрынғы Одақтан айырылып қалсақ біз қалай мемлекет боламыз», - деп көбінің көңілінде сенім болған жоқ. Одақ тараған кезде осындай скептиктер көп болды. Ішіміздегі адамдардың өзі «Енді Қазақстан өмір сүре алмайды», - деп сенімсіздік білдірді. Бірақ нағыз патриот, білімді адамдар шын жүрекпен тәуелсіздікті қабылдап, бар күш-жігерін салып, күні-түні тынбай жұмыс істеді», - дейді Оралбай Әбдікәрім.

«Қанша сенімсіздік, күмәндер болса да, бәрінің басын қосып, топтастыруға Нұрсұлтан Әбішұлының қабілеті жетті. Ол кісі бәрін сендіре алды», - дейді экс-сенатор.

Сырлы сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме бойынша көре аласыздар.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415