Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Бұ не мазақ? 6508 14 пікір 21 Желтоқсан, 2021 сағат 12:19

Қазақты тілдеген Илья Намовирге сот жоқ па?

Еліміздің суын ішіп, құдығына түкірушілердің ішінде Илья Намовирдің орны ерекше. «Қазақстанда орыстар қудаланып жатыр», - деп аттандаудан бір танбай келеді.

Осыдан кейін барып, баршамыздың ішімізде 2013 жылдан бері «Русские в Казахстане» атты ақпараттық порталдың бас редакторы Орталық Азияда аймағындағы орыссыздандыру, тарихи орыс мұрасын бұрмалаушылықты, этникалық орыстар мен орыстілділерді ұлттық және тілдік кемісітушілік фактілері мен үрдісін терең зерттеуші деп танылған көкшетаулық Илья Намовирге қашан тоқтау болады? Оның «Русские в Казахстане» атты ақпараттық порталын біздің билік неге бұғаттап отыр? Осы БАҚ не жарияланып жатқаны қазақтан неге жасырылып отыр? деген сауал туындайды.

Оның түрлі медиабасылымдарға берген сұхбаттары ел ішіне іріткі сала бермек пе? Сонда Ермек Тайчибеков қана орысшылдығы үшін жауапқа тартылуға тиіс пе? Неге өзге ұлт өкілдері жікшілдік пиғылдары үшін заң алдына тиісті жазасын тартпайды?

Илья Намовирге қатысты тиісті орындардың басын ашып алуға тиіс сауал өте көп. Бірақ ресейшіл сандуғаштың  «Ukraina. ru-ға» берген сансыз сұхбаттары оның қандай тұлға екенін айқындап тұр.

Енді оның соңғы сұхбатынан екі үзінді келтіре кетейік.


-Жағдай солай бола тұрса да, неліктен сіз және сіздің отбасыңыз және де көптеген жандар бұл елде қалып отыр?

- Біздің отбасының Қазақстанда қалған себебі әкем ел ішіндегі саяси күреске бел шеше қатысты. Ол кісі Қазақстандағы орыс қозғалысының қайнар бастауы мен ту басында тұрған жан. Назарбаевқа қарсы оппозициялық РНПК партиясы мен  ДВК қозғалысының белсенді қатысушы болып танылады. Ол кісі алған бетінен қайтпайтын адам...


Одан ары жасырын орысшыл қозғалыстың жас көшбасшысы, алған бетінен қайтпайтын жанның бел баласы КСРО-ның құлауын өз басы тек «жаһандық трагедия» деп танитынын ашық мойындайды.

Аталған басылым Владимир Путиннің: «Кім Кеңес Одағының құлағанына қабырғасы қайыспаса – жүрексіз. Кім оның бұрынғы қалпында өмірге келге келгенін қаласа – делқұлы» атты жаңа империяшылдар үшін қанатты сөзге айналған сөз саптамына қатысты пікірін сұраған шақта, сабазың:

«Бұл сөзді құп көремін. КСРО-ның құлауы әлемдік деңгейдегі трагедия мен алапат. Бұдан бөлек, бұл дегеніңіз барып тұрған қылмыс, әлі күнге дейін осы үшін ешкім жауапқа тартылған жоқ. Бірақ бұл басқа нәрсе. КСРО-ға қайтып оралта алмаймыз, бұған сенетіндер есінен ауысқандар. Әлемдік экономика түптің түбінде социалистік реліске өзі-ақ түсетін болады. Дегенмен ол осыдан 30 жыл бұрын Беловеж пущесінде алты қылмыскер түбіне жеткен мемлекетке мүлдем ұқсамайтын, түбегейлі өзгеше жүйе болып табылады», - деп жауап береді.

Қазақ мемлекетіне қарсы қисық пікір білдіріп жүрген жанның тайтаңдауын қашан қоятыны белгісіз. Кремльдік ұлтымызға қарсы ашылған ақпарат соғысында ең белді болып тұрғаны биліктегілерді селт еткізбейтіне таңымыз бар.

Сонда көкшетаулық ерте шақырған қоразды кім қорғап-қолпаштауда деген сауал көкіректі тырнайды.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050