Қазақстан: Ресей консулдығына "бомба қойған" кім?
26 желтоқсан белгісіз біреу Алматыдағы Ресей Бас консулдығының ғимаратына жарылғыш зат қойғаны туралы хабарлама таратқан. Бұл туралы orda.kzке сілтеме жасап, Abai.kz хабарлайды.
Құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп, ақпараттың жалған екені анықталды. Жалған лаңкесті іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Бұл туралы Бас консулдықтың кеңесшісі Владимир Малышев РИА Новостиге айтты. Оның айтуынша, консулдықтың электронды поштасына сағат 10:00-де (Мәскеу уақыты бойынша 07:00) белгісіз біреуден хабарлама келген.
«Бұл Ресей мен орыстарға қауіп төндіретін өте жағымсыз мәтін болды. Мұның бәрі бас консулдықтың миналануымен аяқталды. Біз бұл жағдайда қолданылуға тиісті шаралардың барлығын жасадық. Атап айтқанда, қазақстандық тарап кәсіби тұрғыдан өте жылдам әрекет етті. Біз өте ризамыз», - деді дипломат.
Оның айтуынша, консулдыққа келген кинологтар ғимараттың іші мен сыртын тексергенімен, жарылғыш зат табылмаған. «Біз де өз тарапымыздан шара қолдандық. Ештеңе табылмады, біздің түсінігімізше, жалған ақпарат келген» деп қосты Малышев.
Abai.kz