Жұма, 22 Қараша 2024
3421 0 пікір 27 Желтоқсан, 2021 сағат 16:02

Өзбекстанның сыртқы қарызы артуда

2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Өзбекстанның сыртқы қарызы 37,6 млрд долларды құрап, жыл басымен салыстырғанда 11%-ға немесе 3,7 млрд долларға өсті. Бұл туралы Өзбекстан Орталық банкінің Өзбекстанның ағымдағы жылдың 9 айындағы төлем балансы мен сыртқы қарызы туралы есебінде айтылған.

Қаржы реттеушісінің мәліметі бойынша, жыл басымен салыстырғанда Өзбекстанның мемлекеттік сыртқы қарызы 7 пайызға немесе 1,5 миллиард долларға өсіп, 22,9 миллиард долларды құрады, мемлекеттік емес сыртқы қарыз 18 пайызға немесе 2,2 миллиард долларға өсті.

Есепті кезеңнің соңында елдің шетел валютасындағы активтері 68,3 млрд долларды, ал сыртқы міндеттемелерінің көлемі 51,4 млрд долларды құрады.Сонымен бірге Өзбекстанның жыл басынан бері таза инвестициялық позициясы төмендеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279