Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
3422 0 пікір 28 Желтоқсан, 2021 сағат 12:13

Жапония Айға ғарышкерлерді аттандырмақ

Жапонияның премьер-министрі Фумио Кишида Айға миссия жіберетінін мәлімдеді. Айға қону АҚШ-пен бірлесіп жүзеге асырылатын аймақтағы және жер серігінің бетіндегі кең ауқымды іс-шаралар бағдарламасы аясында жоспарланғанын айтты. 

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, желтоқсан айында Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (JAXA) осы жоспарларды жүзеге асыруға қатысатын астронавттардың жаңа топтамасына қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастады. Байқау келесі жылдың 4 наурызына дейін жалғасады.

JAXA астронавтар корпусында қазірдің өзінде жеті адам барын, бұл топ мүшелерінің орташа жасы 52 жас екенін атап өтті. Айды белсенді зерттеу 2030 жылдары басталмақ.

2019 жылдың көктемінде Америка Құрама Штаттарының Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Айды зерттеу және барлау бағдарламасының жобасын жариялады. Токио 2019 жылы Американың Ай бағдарламасына қосылу туралы шешімін жариялады. Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі мен NASA Жердің табиғи серігін барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 975
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2498
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 679
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 651