Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 3635 7 пікір 4 Қаңтар, 2022 сағат 00:10

Жаңаөзен халқы алаңда: Ноғаев не дейді?

Нұрлан Ноғаев сұйытылған газ бағасының көтерілуіне наразы автокөлік иелерімен кездесті.

Бүгін, 3 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сұйытылған мұнай газының бағасын төмендетуді талап еткен Ақтау қаласының автокөлік иелерімен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Нұрлан Ноғаев жиналғандарға Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша сұйытылған мұнай газ бағасын төмендетуге қатысты Үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді.

Облыстың АГҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Нұрлан Ноғаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АГҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеу бастағанын айтты.

Автокөлік иелерімен кездесу барысында Нұрлан Ноғаев жиналғандарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне жол бермеуге шақырды.

Облыс әкімі кез-келген мәселені тек сындарлы диалог арқылы шешуге болатынын атап өтті.

Кездесуге Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған комиссия құрамына кіретін энергетика министрлігі мен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері де қатысты.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351