Ардақ Нұрғазыұлы. ҚҰЗ БАСЫНДАҒЫ ҚҰЙЫН
Поэзияның тілі оны өмірге әкелген ақынның рухани болмысымен тіке қатысты болады. Ақын поэзияның өзіне ғана тән тілін іздеп қана қоймайды, өзінің рухани болмысын да бірге бастан өткереді. Ақын өзіне тән поэзия тілін тапқан сайын өзінің рухани болмысына соншалық жақындай түседі. Ақынның тілі оның рухани болмысының бір көрінісі. У.Стивенсонның сөзімен айтқанда «қиялдың шегінде тұрған сол ағаш» деуге болады.
Поэзия буын мен бунақта төбе көрсетіп, тармақпен тыныстас өмір кешеді. Содан да буын, бунақ, ырғақ, ұйқас (басқы, ортанғы, аяққы) тармақ, т.б. бәрі бір ғана поэзия тілі үшін жұмыс істейді. Поэзия - сөз құдіретіне саятын рухани болмыстың ағысында салыстырмалы тұрақтылықты іздеу. Сәт сайын өзгеріске ұшырап тұратын рухани дүниенің ілездік бір сәтіндегі болмысын ұстап қалып, бейберекет әлемді өзгеше тәртіпке шақыратын поэзия қайталанбайды, өзгеге көшіруге келмейді.
Дүниеде қатып қалған ештеңе жоқ. Кез келген формашылдық өнердің қас дұшпаны. Өлеңдегі формашылдық сезім мен ойдың арасына сына қағып, поэзия тілін әлсірете отырып таным аясын тарылтып жаттандылыққа, көшірмешілікке, қайталауға, қарабайырлыққа жол ашады. Қала берді идеологиялық сандырақтар мен әсіре қызыл саясаттың қолшоқпарына айналдырады.

Менің поэзиям жоғарыдағы және басқада түсініктердің үстінде тұр. Төмендегі шығарма «Саябақ» (2003 жыл) поэмасынан кейін өзімнің жан-дүниемді екінші рет төгіп-шашпай қағазға түсіруге жасаған ұмтылысым деуге болады. Бұл да «аяқталу һәм бастал».
Автор
ҚҰЗ БАСЫНДАҒЫ ҚҰЙЫН
«Менің жан-тәнім төбемнен әлдебір кеңістіктің ашылғанын сезінген сәтте, мен оның поэзия екенін түсінемін.»
-
Э. ДЖЕНСОН
Ақыры аттап шықтым өзіммнен, дала
Төрт қыбылам ішімде және сыртымда.
Біреуі өзекке, өзіне тартады
Енді біреуі жолдар...
(Қағаз бетінде тереңге тартқандай,
Өлеңнің сөздері өшіп барады.)
Қараңғылықтан да қара жанар арбайды.
Қураған ағаштың басында
Қарғалар отыр қарайып.
Таң шапағында шулай бастады,
Бірі ұшып, бірі қонып.
Аппақ қардың беті шимайланып кетті,
Қалықтаған қара көлеңкелер көшіп.
Кенеттен терезені итеріп ашқандай
Көзіңді ашсаң,
Жарық нұрда қораланып алтау* тұр.
Орталарында сақ-сақ күлген біреу.
Мейірге бөленген бір тамшыдан жаралған дүние
Топырақтан нәр алып, өркен жайса
Түлеп ұшқан түндей қараңғылық тамырдан
Бірге көтеріліп келеді.
Күзде басталған өрт иен қалған атызды жайлап,
Көшеде шулаған балалар мойынынан қырқылған күнбағысты
Доп қылып теуіп, ойнап жүр.
Домалап бара жатқан құмардың тасынан басталған жол
Жартасқа барып тірелсе,
Таң алдында қураған қауызда су бетіне малтап шыққандай
Оянамын.
Тас қабырғаның жарығынан жел кеулеп,
Алақанда өмір сүрген жандар
Ашық теңізге шықты.
Қоқысық салынған жәшіктен көтерілген көк түтін
Белден асқан көшпенен араласып барады.
Уақыттың таразысына өрмелеп шыққан жандар,
Көз сүйегіне қанша мысқал топырақ сиятыны туралы
Шүйіркелесіп отыр.
Шарапқа қосылған у да да
Сағаттың тілі бар.
Дәл уақытында қоңырау соғылмаса,
Раушан қауашағын жармайды.
Қасымда дала, қиырда теңіз
Үзілген керуеннің ұшында ақ сағым.
Төбемде ақ шағала,
Өр толқынмен алысқан ақ кеме.
Шыңырауда
Жүрегімнің айдынында тереңге тартады иірім.
Қораланып отырмыз уақыттың отына жылынып,
Төбемізде тазқаралар ұшып жүр үйріліп.
Ағаш арасында екі тиын асыр салады
жидекке таласып,
Анда-санда қарап қояды, қарауытқан орман жаққа сақсынып.
Жер бауырлаған соқыр тұманды қалқан қылып күндер
Өтірікті бойлап шеру тартып келеді.
Қара жамылып алған жандар
Қызыл шырақтың өшуін күтпестен,
Жолды кесіп өтіп барады.
Өзенен теріп алған малта тасты біреу
Алысқа лақтырды.
Көкжиектің аржағында бұрық етті шаң.
Қаңыраған жым-жырт бөлмеде
жүреңімнің соққан дүрсіліне құлақ түрем,
Қағаздан ұшақ жасап ойнап отырмын,
Түсімде әкем есікті жапты да шығып кетті.
Марыстан келген суреттің бетінде
жүрміз топырлап,
Жұдырыққа жиналған дауыл барған сайын
екпін алыпбарады.
Кім өзін сәби санаса,
Соның таңы алаулап атады.
Көшеде қатар келе жатқан екеудің бірі
Көлеңкеге айналды.
Жерден көтерілген ақ қарға
Үміттің қарауытқан орманына қарай беттеді.
Шулаған елестердің ортасында отырған мен
Шылыңтыр қысты түртіп ояттым.
Үзілген батпырауықтың соңынан қуған балалар,
Жаңбырлы маусымға жолықты.
Қараңғыда алыс сапарға аттанған жолаушы
Сахнаға Гамелетті ойнауға шықты.
Шам теңселеді,
Мен де теңселемін.
Қара орман тосынан тұрған желден шулап қоя бергендей.
Мұздың бетінде шиырлаған қаламның ұшында құйын,
Төбемде толған ай бозарып батып барады.
Түннің жетегінде қыр асып кеткен жұлдыздар
жыламайды, не күлмейді.
Қабырғада ілулі тұрған суреттен аққан бояу
Кешке жақынғы қоюланған көлеңкеден бетер
демін ішіне тартады.
Жүрек соғады тынбай, тыңдашы
Беймезгіл шақта дарбазаны біреу қағып тұрған жоқ па?!
Тосыннан қапалақтаған ақ жоңқа қар сияқты,
Үміт -
Көше шамдары сөніп жатыр жым-жырт.
II
Толқындар жұлмалаған таулардың өркешіндей
Теңізді есіп шыққан түйткіл -
Суқараңғы жанарда қамалған қараңғы.
2012.08.13.
-
Бұл арада адам болмысына қатысты жастық, қарыттық, ауру, сұлулық, көріксіздік және екіжүзділік туралы айтылып отыр. Олардың ортасында тұрған адамға тән нәпсі. Адам Ата мен хауананы Еденбағынан алыстатқан нәпсі біздің заманымызда тіптен өршіп, ауыздығын жырып, арнасынан тасып тұр.
"Абай-ақпарат"