Сенбі, 23 Қараша 2024
2317 4 пікір 5 Қаңтар, 2022 сағат 08:11

Ерлан Қарин Мемлекеттік Хатшы қызметіне тағайындалды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.Бұл қызметте ол Қырымбек Көшербаевты алмастырады.

Дәл осы жарлықпен Ерлан Қарин президенттің көмекшісі қызметінен босатылды.Ерлан Қарин 1976 жылы 26 мамырда дүниеге келген. Ерлан Қариннің еңбек жолы келесідей:

Ақтөбе университетінде оқытушы, «Ақтөбе университеті» газетінің бас редакторы, «Диапазон» газетінде саяси шолушы (1992-1997);

«Time for» газетінің саяси шолушысы (1997-1998);

Қазақстанның Даму институты Саяси зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері, Мәскеу әлеуметтік университеті Алматы филиалының проректоры, Ресей және Қытай институты директорының орынбасары (1998-2000);

«Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігі» (CAAPI) директоры (02.2000-2003);

Қазіргі заманғы саясат халықаралық институтының (IIIP) бас директоры, терроризмге қарсы бағдарламалар орталығының директоры, Қырғызстан бойынша сарапшылық топтың жетекшісі (2004-2006);

Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі (2006-14.02.2008);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (02.14.2008-06.11.2008);

«Нұр Отан» ХДП хатшысы (11.2008-08.2013);

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (10.2014-02.2017);

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы (02.2017-04.2019);

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (04.2019-07.2020);

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (30.07.2020 ж.)

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351