Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2504 0 пікір 5 Қыркүйек, 2012 сағат 06:20

Александр Князев: «Лаңкестердың мақсаты – мемлекетті әлсірету»

Ресейлік БАҚ-тардың мәліметтері бойынша, соңғы жылдары 25 мыңдай Өзбекстан азаматы Қазақстаннан босқын мәртебесін алыпты. Олардың арасында «Хизб ут-Тахрир», «Тоба», «Өзбекстанның ислам қозғалысының» тағы басқа экстремистік ұйымдары бар. Олар Қазақстанға келе сала өздеріне «жамағат» құрып, жақтастар тауып жатқан көрінеді.

- Қазақстандағы соңғы оқиғаларға, нақтылай айтсақ,  Іле Алатау шатқалы мен «Арқанкерген» шегара бекетіндегі қырғынға аталған ұйымдардың қатысы болуы мүмкін бе? «j» сайтының осы сұрақтарына РҒА Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері, Қырғызстанда тұрып жатқан ресейлік азамат,саясаттанушы. Александр Князев (суретте) өз пайымын ұсыныпты.

Ресейлік БАҚ-тардың мәліметтері бойынша, соңғы жылдары 25 мыңдай Өзбекстан азаматы Қазақстаннан босқын мәртебесін алыпты. Олардың арасында «Хизб ут-Тахрир», «Тоба», «Өзбекстанның ислам қозғалысының» тағы басқа экстремистік ұйымдары бар. Олар Қазақстанға келе сала өздеріне «жамағат» құрып, жақтастар тауып жатқан көрінеді.

- Қазақстандағы соңғы оқиғаларға, нақтылай айтсақ,  Іле Алатау шатқалы мен «Арқанкерген» шегара бекетіндегі қырғынға аталған ұйымдардың қатысы болуы мүмкін бе? «j» сайтының осы сұрақтарына РҒА Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері, Қырғызстанда тұрып жатқан ресейлік азамат,саясаттанушы. Александр Князев (суретте) өз пайымын ұсыныпты.

- Қазақстандағы соңғы кездері ондаған адам құрбаны болған оқиғаларды қалай сыйпаттар едіңіз?  Бұл біздің елге астыртын жіберілген қауқарлы күштердің қылығы емес пе?
- Есеп-қыйсаптың қаншалықты дәлдігін білмеймін, мұндай жағдайды пайымдау үшін дерек керек. Мен ондай дәйекті деректі білмеймін. Бұл оқиғаларды бір қатарға тізу керек деп ойламаймын.   Қолда бар ақпар мен нышандарға қарағанда, «уаххабиттік» ізді де  көре алмай тұрмын. Лаңкестікке қатысты алсақ, оның құбылыс ретіндегі басты нышандарының бірі  - жоспарлы түрде қоғамды қобалжыту. Екі оқиғада да оған қол жеткізілді, бірақ осыған ғана қарап, аталған қылмыстарды лаңкестік ретінде атай алмас едім. Ұйымдасқан қылмыстық істің белгілері бар  - алғашқысында да, соңғысында да. Екі қылмыс та, аса жоғары ұйымдық деңгейі бар ауқымдағы топтың ғана атқара алатын шаруасы.   Қорықшы мен оның отбасына жасалған қастандыққа браконерлердің қатысы барын аса жоғары сеніммен қарастыруға болады. Ал шекара бекеті бойынша - қандай да бір айқындық атымен жоқ.

- Ресейдің ислам комитетінің төрбасшысы Гейдар Джемәл Орталық Азиядағы лаңкестікке АҚШ-тың, Сауд Арабиясының арнаулы қызметтерінің қатысы барын жорамалдап отыр.  Сіз не дейсіз?
- Гейдар Джемәл үшін ол тек қана жорамал болғанымен Сауд Арабиясының әлемдік басты лаңкес көздерінің бірі екендігі әлдеқашан жаңалық болудан қалған.  Сондай-ақ, Сауд Арабиясының  белгілі бір шектеулі мөлшердегі ғана дербес мемлекет  екендігі, кеңірек алғанда - ол ел жай ғана АҚШ-тың емес, АҚШ саясатын ұстанатын трансұлттық алпауыт алқалардың да және олардың басты одақтасы - Ұлыбританияның да классикалық сателлиті екендігі де жаңалық болмай қалды. Айтпақшы, бұл одақтастардың қайсысы басты рөлде екендігі де әлі беймәлім. Саудтық Аравия кемінде 1980-1990 жылдардың шебінен бері  лаңкестік ұйымдар мен атқарушыларды қаржыландыру, әзірлеу мен жұмсау қызметін атқарып келеді. Саудиттер 1980-жылдарда Ауғанстандағы, 1990-жылдарда «Талибанды» құру мен қолдауда, Шешенстандағы соғыстың, СҰАР-дағы ұйғырдың астыртын лаңкестік  ұйымын қолдаудағы жетекші ойыншылардың бірі болғаны мәлім, ол королдықтың Кашмир мен Африкадағы кикілжіңге де араласы барлығы жөнінде деректер бар.
- Қазақстанның кейбір саясаттанушыларының айтуынша, (Марат Шибұтов, Айдос Сарым), біздің ел ірі ауқымдағы лаңкестік шайқас алдында тұр. Экстремистердің басты нысанасы күштік құрылымдар мен шендік аппарат өкілдері болмақ. Арнаулы қызмет орындарының өздері де таяу арада елімізде лаңкестік әрекеттің көбейіп кеткендігін жоққа шығармайды.  Бұл жайтты АҚШ-тың Ауғанстаннан әскерін әкетумен байланыстыруға болады ма?

- Мен «ірі ауқымдағы» деген сөзді мүмкін болса қолданбас едім, ал енді күштік құрылымға бағытталуды алсақ, соңғы кездердегі, әсіресе, оны былтырғы  Тараздағы лаңды оқиға көрсетті.  Мақсат  - мемлекетті әлсірету, бұл жерде шенділер басты планда емес. Мығым арнаулы қызметсіз, берік құқықкүзету органдарынсыз, белгілі бір дәрежеде әскерсіз - мемлекет өз тірлігін тоқтататыны рас. Ал лаң істердің мақсаты - жекелеген сарбаздарды жойу емес, ең алдымен - осы құзырлы ұйымдар мен құрылымдардың  құрамын үрейлендіру. Өздері мен әріптестерінің аңдулы екенін білетін сақшылар өздерін қалай сезінбек? Қалай болғанда да күштік құрылымның қызметтік қауқары осалданады. Ал бұған ақпараттық уыт қосылғанда, БАҚ-тар мақсатты түрде және де күштік құрылымдардың басшыларын есін тандыра сынағанда, амал жоқ былай жорамал жасауға тура келеді:бомбы жарғыштар мен сардар-сарбаздарды өлтіріп жүргендер  ешқандай да толыққанды тергеу нәтижелерін күтпестен бұқаралық ақпарат құралдарында генералдар мен сарбаздарға дүрсе қоя беретіндер бір жоспарға бағынғандар емес пе? Ақпараттық соғыс пен ақпараттық қауіпсіздік - бос сөз емес. Егер қазақстандық БАҚ-тардың соңғы екі жылдағы барлық лаңкестік пен қылмысқа қатысты әрекетіне қарағанда, мен сенімді түрде  көптеген БАҚ-тардың қызметін әлгі лаңшылдармен және басқа да қылмысты ұйымдастырушылармен байланыста бағалар едім.

Қазақстанда лаңкестердің белсенділігін күтуге болады. Бірақ ол АҚШ пен НАТО-ның Ауғанстаннан әскерін әкетумен байланыста емес, әскери бақылаудың өзгерген форматы болады.  Лаңкестер белсенділігін АҚШ жоспарымен және Ауғанстанмен шектесетін мемлекеттер аумағына көшірілетін тұрақсыздықпен, әскери араздықты қоса алғандағы жағдаймен байланыстыра күту керек.  Қазақстан - осы жоспар авторларының нысанасына іліккен басым елдердің бірі, өйткені, елдің басшылығы барынша үйлесімді сыртқы саясат ұстануға тырысады, Өзбекстан секілді Ресеймен қатынасты үзіп отырған жоқ, керісінше, еуразиялық кірігу жобасына бағыт алған, және де Қытаймен арадағы қатынастың оңды болуын қолдап отырған бірден бір ел. Әлгі саудиттердің,ішкі кикілжіңді қоздыратын кез келген арандату әрекеттері арқылы басқа да факторлардың қолымен атқарылатын лаңкестер белсенділігінің өсуі  - сыртқы ырықты саясатты таңдауға қатысты төлемнің бір түрі деген дұрыс. Әйтсе де, мен Қазақстанның қалауын барынша дұрыс деп есептеймін. Өзбекстан, Ұжымдық қауіпсіздіктен шыға отырып, жай ғана дамылдап алды, мерзімді уақытша алыстатты, бірақ оның алдында да осындай сынақ күтіп тұр.

- Кейбіреулер, лаңкестік пен діни экстремизмді қазіргі кезде ушыға түскен билікке таласу жолындағы топтар пайдаланады дегенді келтіреді. Сіз қалай ойлайсыз?

-  Лаңкестердің мақсатын жоғарыда айтып өттім. Бірөлшемді құбылыс болмайды, лаңкестердің қызметін қазақстандық ішкі саяси күштердің, әсіресе, ең әуелі билікке талас тараптардың қолдану мүмкіндігін есептен ешқашан шығармас едім.

Әңгімелескен - Алма Шәріпова

Қазақшалаған - Сергек Ерсайын

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354