Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3118 0 пікір 5 Қыркүйек, 2012 сағат 09:06

Қазақтың ұлттық әнi ешқашан ескiрмейдi

Сазгер Илья Жақановтың "Маsa.kz" сайтында сұхбаты жарияланды. Композитор қазақ музыкасының, оның iшiнде ән өнерiнiң келешегi туралы былай дейдi: "...Әр халық болмысын, өзiнiң ұлттық музыкалық дiтi мен дiлiн сақтаса, мұндай сұмдық болмайды. Бiрақ, бiз ауыр жылдарды бастан кешiрдiк. Батыстан ағылып жеткен жағымсыз әсерлер жастарымыздың санасын улады, әлi де улап келедi. Теледидар, ғаламтор, компьютер арқылы берiлiп жатқан сұмдықтардың барлығы қазақылықтың қайнарын лайлап бiттi. Жастардың қиялын ұрлап жатыр... ХХ ғасырдың екiншi жартысынан басталған бүлiну ендi ешуақытта түзелмейдi. Ендi еш уақытта қазақтың ұлттық композиторы болмайды. Осы естерiңде болсын".

Расында қазiргi әндер неге өмiршең емес. Әсiресе эстарада жанры деп жүрген жеңiл, ойнақы әуендi әндердiң ғұмыры тiптi келте. Бүгiн жарқ етiп шығады да, ертең жылт етiп сөнiп қала бередi. Қазақ музыкасында ұлттық композитор, халықтық ән болмай ма? Осы сауалды бiрнеше сазгерге қойдық.

Кеңес Дүйсекеев, сазгер: - Дүниежүзiлiк эстраданың iшiнен өзiмiздiң сара жолымызды таңдап алуымыз керек. Менiң эстрадалық әндерiмдi әншiлер шетелде өткен конкурстарда шыр­қап, лаурет атанғанда әннiң иесi ретiнде маған да грамота берiлген. "Ұлттық музыкаға қосқан үлесi үшiн" деп. Егер өзiмiз емес, сырт көз солай бағалап жатса, қалай ұлттық композитор болмайды деймiз? Бұлай шорт кесiп, кесiмдi пiкiр айтуға болмайды.  Ұлттық ән тудыру үшiн ұлтыңның фольклорын санаңа тереңдей сiңiре бiлуiң керек. Ат үстi жазып, бетiн қалқып, халықтық ән тудыра алмайсың. Қазақ эстрадасының келешегi туралы 1979 жылы Қазақ теледидарында қызмет iстеп жүргенде марқұм Әбiлахат Еспаев ағамыз: "Кеңес, заман мүлде өзгердi, тас атсаң, сазгерге тиедi" деп қынжылып едi. Содан берi 33 жыл өттi, қасiрет мүлде өршiдi. Қазiргi буынның кейбiрi "оқудың қажетi жоқ" деген терiс пiкiр айтып, "оқымай ән жазып, сазгер боламыз" дейдi. Ал олардан қандай ұлттық музыка күтесiң? Кезiнде көркемдiк кеңес болды. Эфирден берiлетiн әндердi қатаң сұрыптайтын. Мәнсiз, мағынасыз сөзге жазыл­ған әнсымақ болса, бiрден сызылып қалатын. Ал қазiр тым таяз, әнi де, мәтiнi де арзан дүние көгiлдiр экранда күнде көрсетiлiп, радиода берiлiп жүр.

Ералхан Әбiшев, сазгер: - Бұдан былай қазақ музыкасында ұлттық композитор, ұлттық ән болмайды деу - қате.Ұлттық ән ескiредi деп қорқудың қажетi жоқ. Керi­сiнше, тiлден айы­рылып қаламыз ба деп қауiптенемiн. 90-жылдары түнгi клубтар ашыла бастаған шақта сол ортада кеш өткiзу, ән айту орасан мәртебе болатын. Сол кезеңде орыс тiлдi әншi­лердiң заманы жүрдi, дәуiрледi. Сұраныс жоғары болды. Ал қазiр көпшiлiктiң қазақы әндердi шырқайтын әншiлер мен қазақ әнiне деген ынтызарлығы жоғары.

Бауыржан Есебаев, сазгер: - Қазақ музыкасы ешқашан өлмейдi, уақыт көшiмен бiрге дамып отырады. Бұ­дан былай Илья Жақановтың тұсындағы ән тумайды, есесiне Есебаевтың заманындағы әндер өмiрге келедi. Бiзден кейiн де заңдылық солай жалғасады. Музыка үнемi өзгерiс­ке ұшы­райды. Гоголь­дiң бiр сөзi бар "Әннен адамның сезiмiн ғана емес, сол қоғамның кейпiн көруге болады" дегенiндей. Қоғам дамыған сайын ән де, музыка да дамиды. Ұлттық композитор, ұлттық ән болмайды дегенмен келiспеймiн. Қазақ эстрадасындағы қазiргi әндер неге өмiршең емес дегенге келсек, әр заманның өз әнi бар. Кезiнде шертермен күй тартқан заман болды. Дәл қазiр халықты жинап алып, шертермен кеш өткiзiп, бәрiнiң құлақ құрышын қандырып, рухани байлық тарту ете алмайсың Әркiмнiң талғамы, түсiнiк, түйсiгi әртүрлi. Бүгiнде жастардың көбi ұлттық музыканы емес, эстрадалық әндерге әуес. Мысалы 20 жастағы тыңдарман қазiргi эстрадалық әндердi тыңдап жүр, ертең елуден ас­қанда "Сағындырған әндер-ай" деген сынды кешке барып, дәл сол әндi сағына тыңдап, бiрге шырқайтын болады.

"Жас Алаш" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349