Сенбі, 23 Қараша 2024
Асқанға - тосқан 8086 10 пікір 12 Қаңтар, 2022 сағат 11:55

Қазақ көшіне қарсылардың күні батты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде: «Көші-қон, соның ішінде ішкі көші-қон саласын тәртіпке келтіретін кез келді», - деді.

Осыған байланысты, қандастарымыздың алаңдап жатқанын мен жақсы білемін. Әрине, қандастарымыздың да, жалпы Алаш жұртының да алаңдайтын да жөні бар.

Себебі, 2011 жылғы «Жаңаөзен оқиғасы» кезінде Тимур Құлыбаев: «Егер ереуілшілердің жетекшілері туралы айтатын болсақ, ол жақта Алматыдан барғандар жетекшілік етіп жүрген жоқ. Оларда өздерінің Қарақалпақстаннан бірге келген ресми емес жетекшілері бар. Ол жаққа келетін адамдар санын баяғыда-ақ, шектеу керек еді», – деген болатын.

Тимур Құлыбаевтың бұл жаласын негізге алған Кәрім Мәсімов Үкіметі 2013 жылы желтоқсанда қандастарымызға төрт жылсыз азаматтық берілмейтін қатаң заң қабылдатумен тынған болатын. Бұл – бір.

Екіншіден, жаңа жасақталған Үкімет құрамында шаш ал десе, бас алатындардың бар екенін көрдік...

Ең қуаныштысы – сол – өздеріңіз де көріп отырсыздар, қазақ көшіне қарсы болып келген Кәрім Мәсімов қамаққа алынды, Тимур Құлыбаевтың саяси ықпалы әлсіреді.

Қазақ көшіне қарсы болғандардың тағдыры немен аяқталғанын түсінетін кез жетті!

Ал, «Шетелдегі қандастарымызды елге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз», - деген Қасым-Жомарт Кемелұлының ондай қадамға бармасы айдан анық!

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы Өткен жылдың тоғызыншы қарашасында Мәжіліс талқысына түсті.

Ендігі жерде Президет көші-қон, соның ішінде ішкі көші-қон саласына қатысты Заңдар мен нормативтік құжаттарды жетілдіре түсіп, көшіп келушілер мен қоныс аударушыларға тиімді шарт-жағдай жасауға басымдық береді деп ойлаймын...

Уақыттың сіркесі су көтермей тұрған осынау қиын кезеңде мен қандастарымды сабырлы болып, Президентті қолдауға шақырамын!

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377