Жексенбі, 22 Мамыр 2022
1572 5 пікір 17 Қаңтар, 2022 сағат 14:10

Қуат Хамитов: Ұсталғандарға барлық қылмысты ілуде

Қазақстандық аралас жекпе-жектің балуаны Қуат Хамитов Instagram парақшасы арқылы мемлекет басшысына мәлімдеме жолдады. Қуат бұл жолы мәлімдемені орыс тілінде білдірді.

"Менің ойымша, халық арасында террористер жоқ. Осы күндері "қаңтар оқиғасын" зерттеу үшін құқық қорғау органдарына еркіндік берді және олар қазір нағыз заңсыздықпен айналысып жатыр. Митингтерге қатыспаған адамдарды алып кетіп, оларды ұрып-соғып, жасамаған қылмысын мойнына алуға мәжбүрлеуде. Полиция бөлімшесіндегілер қаласын-қаламасын ұстағандардың мойнына барлық қылмысты іліп жатыр", - деді Қуат.

Осы орайда спортшы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан мұны тоқтатуды сұрады. "Адамдар үш күн бойы қаланы тонап, террорист атанды. Ал бізді 30 жыл бойы тонап, өлтіргендерді қалай атаймыз?" - деді спортшы.

Abai.kz

5 пікір