Бейсенбі, 22 Қазан 2026
4436 1 пікір 26 Қаңтар, 2022 сағат 14:37

CAN: Ресейлік АЭС-тің саяси сипаты басым

Халықаралық климат әрекеттері желісі (Climate Action Network – CAN) Қырғызстанда атом электр станциясын салу жобасына қатысты болжамын жариялады.

CAN желісінің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі үйлестірушісі Ольга Бойконың пікірінше, "Росатомның" Орталық Азияда АЭС салуының саяси сипаты басым.

"Аймақ қуаңшылықтан, өзендердің тартылуынан зардап шегіп отыр, климат өзгерген сайын су азая береді, реакторды салқындату қиындайды. АЭС - өте қымбат әрі қауіпті технология, оны тұрғызуға жылдар кетеді, бюджеті үнемі ұлғайып отырады", - деп жазды Бойко фейсбуктегі парағында.

Еске салайық, 19 қаңтарда Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясы Қырғызстан энергетика министрлігімен Қырғызстан аумағында шағын атом станцияларын салу жөнінде меморандум қабылдағанын жариялады.

Қырғыз үкіметі әзірге мұндай ұсынысты қарастырып жатқанын, түпкілікті шешім қабылдауға көп уақыт кететінін мәлімдеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1137
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1577