Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
5235 8 пікір 1 Ақпан, 2022 сағат 12:32

БАҚ: Дариға Назарбаева Дубайда жүр

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева қазір Дубайда жүр, - деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Агенттіктің Мәжіліс аппартындағы дереккөздерінің мәліметінше, депутат Дариға Назарбаева БАӘ-дегі Дубайда көрінеді. Айта кетейік, Дариға Нұрсұлтанқызы жыл басындағы бейбіт наразылықтар мен «қаңтар оқиғасы» басталған сәттен бастап Мәжіліске келмеген. Ресми мәліметтер бойынша ол коронавирус жұқтырып, Алматыда емделіп жатыр.

Ал соңғы оқиғалардан кейін «Нұр Отан» партиясы ішіндегі саяси ауыс-түйістер кезінде анықталғаны – Дариға Назарбаева енді биліктегі доминант партия – «Нұр Отанның» саяси кеңесінің де, саяси кеңес бюрсынан да шығарылған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 345
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 970
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 308
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 298