Мәсімовтың ұйымдасқан сыбайластары кімдер?
Жарайды, содырлар жоқ дейік. Онда әкімшілік, Президент резиденциясын, ғимараттарды өртеп-қиратқан кімдер? Бейбіт тұрғындар мұны жасай алмайтыны айдан анық. Онда кімдер?
Бір ғана мысал, Ұлттық арнаға басып кіріп, өртеп-қиратып, әріптесімізді өлтірген кімдер? Көшеге сьемка жүргізуге шыққан Алматы телеарнасының жүргізушісін атып мерт қылған кім? Тағы содыр емес па? Онда кім?
Әуежайды қиратқандар кімдер? Аурухананы басып алып, медбикені зорлаған кім? Көшеде атысқандар кімдер? Қаңғырған оқтан 2 сәби ажал құшты. Әлде сіздер үшін бұл да спектакль ме? Бейбіт халықтың қолында қару болмайды. Ал қолында қару ұстап көшеде атысып, қару сататын дүкенді тонап жүргендер кімдер? Тағы содыр емес па? Әлде атыспақ ойнап жүрген полицейлер ме? Шетелдік содырлар болмаса болмаған шығар. Бірақ дәл осыны істеп, қаланы астан-кестен етіп, адам өлтірген адам мен үшін нағыз террорист! Арнайы әскери дайындықтан өткен “үшінші күш”! Әйтпесе жай адамдар дәл осыны жасай алмайды! Содыр дегенді кез-келген қоғам айыптайды! Ал бізде содыр сөзін сайқымазаққа айналдырып отырғандар бар. Айналып кетейіндер, туғанын айырылып қан жылап жатқандар бар. Терроризм деген зұлымдықтан зар жылап жатқан елдер бар! Қасіреттен сайқымазақ жасауды доғарыңдар!
Түрмеде азапталған, түрмеде қаза тапқан азаматтар бойынша полицейлер жауапты - бұл анық. Ал қарапайым халықты көшеде атқан содырлар ма, полицейлер ме? Митингіге шығып ажал құшқан азаматтар кімнің оғынан мертікті? Полицейлердің бе, әлде содырлардың ба? Оны қалай анықтаймыз? Тергеу қалай жүргізіледі? Осы екі араны кім ашып береді бізге? Тергеу амалдары әділетті жүргізілетініне Тоқаев билігі кепілдік бере ала ма? Мәсімовтың ұйымдасқан сыбайластары кімдер? Назарбаевтың туысқандарының қатысы бар ма, жоқ па?
Тура осы мәселеде Президент халыққа шындықты айтып, әділдікті қамтамасыз етпесе, онда біртұтас қоғам да,
Жаңа Қазақстан құру мүмкін емес!
Дина Елгезек
Abai.kz