Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4077 0 пікір 18 Қыркүйек, 2012 сағат 08:55

Мұхан Исахан. Тақуа билеуші

Бір мұсылман пәлен деген жерде асқан тахуа билеуші бар деп естиді. Билеушінің тахуалағы туралы естіген сайын оны бір көрсем деп армандайды. Құдай-Тағала сәтін салып ол бірде тақуа билеуші мекен еткен қалаға жолы түседі. «Мың рет естігеннен бір рет көрген жақсы» демекші, ол тахуа билеушіні көргенше қатты асығады. Әйтеуір не керек, жолын тауып билеушінің сарайын бас сұғады. Бірақ, билеушінің құзырына келгенде одан ешқандай тахуалықтың белгісін көре қоймайды. Қайта сарай ішіндегі қызметшілердің ашық-шашық киінгенін көреді. Билеушінің мынадай әдепсіз ортада өмір сүргеніне таң қалады. «Жұрт жарысып айтатын тахуа билеушіміздің сықпыты осы ма?» деген жаман ойға беріледі. Тақуа билеуші мейманының теріс көзқарасын тез аңғарып, оған былай дейді:

- Сен жұрттан естіген тақуа билеушінің сиқы осы ма, деп отырсың, солай ма?

- Иә, тақсыр. Мен аузым құрып, әуесім кетіп айшылық алыс жолдан сізді көруге келген едім. Бірақ, алып-ұшқан үмітім ақталмады - дейді.

Тақуа билеуші бір шыны құтының ернеуіне дейін толтырып су құйып: «Сен қазір мына құтыдағы судан жерге бір тамшы су төкпей, менің сарайымды аралап көресің. Егер, бір тамшы су жерге  таматын болса, басыңды аламын», деп бұйырады.

Қонақ амалсыздан қолына су толтырылған құтыны алып, билеушінің сарайын аралап көреді. Сарайдың барлық жерін аралап болғаннан соң билеушінің құзырына қайта келеді. Билеуші: «Менің сарайымнан қандай әсер алдың?» деп сұрайды.

Қонақ: «Құтыдағы судан бір тамшы жерге таматын болса, басыңды аламын дегеннен соң, менде сарайға қарайтын шама болмады», дейді.

Сонда тақуа билеуші: «Мен де күндіз-түні тек Хақты зікір еткендіктен, төңірегімдегі жайларға маңыз аудара алмаймын», деп одан кешірім сұрайды. Ал, сарай қонағы өзінің әбес ойы үшін қатты қысылады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354