Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2823 0 пікір 18 Қыркүйек, 2012 сағат 09:08

Аманжан Рысқали кетіп, Талғат Ерғалиев келді

«Ақ жол» партиясының пленумы Мәжіліс депутаты Аманжан Рысқалидың орнын алмастыратын депутатты бекітті, оның ізбасары болып Талғат Ерғалиев сайланды

Бүгін өткен «Ақ жол» партиясының Орталық кеңесінің пленумы Мәжіліс депутаты Аманжан Рысқалидан келіп түскен өтінішті қарастырды және талқылаудан кейін оның депутаттық мандатын Талғат Ерғалиевке беру туралы шешім қабылдады.

Өзінің өтінішінде А.Рысқали осындай шешімді қабылдауға моральдық-этикалық ой-пікір мен туындаған қоғамдық резонанстың негіз болғандығын, бірақ партия мүшесі болып қала беретіндігін айтқан.

Депутатты  алмастырушы Талғат Ерғалиев - 45 жаста, «Ақ жол» партиясының Орталық кеңесінің аймақтық саясат жөніндегі хатшысы, Ақмола облысының Қорғалжын ауданынан шыққан кәсіпкер.

Аталған мәселе бойынша сөз алған Азат Перуашев тағы да А.Рысқалиға қатысты жағдайға баға беруде қауесет пен біреудің пікіріне емес, ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды. Сонымен қатар, бірқатар комментаторлар адамға әр түрлі заң бұзушылықтарға қатысты алдын ала кінә тағып, тек этика туралы емес, сондай-ақ кінәсіздік презумпциясы туралы ұмытуда.

«Аманжан Рысқали біздің әріптесіміз, берген өтінішіне сәйкес ол партия мүшесі болып қала береді. Біз оған амандық-саулық тілейміз» - деді партия төрағасы.

Партия төрағасы әріптестерін депутаттардың орын алмасуы туралы жағдайға таң қаларлық оқиға ретінде қарамауға шақырды. Ол осы жылғы 15 қаңтардағы сайлаудан кейін партия депутаттарының тізімін бекіту кезінде, Орталық кеңестің Парламенттегі «Ақ жол» партиясының өкілдерін алмастырып тұруды ұсынғандығын еске салып өтті. «8 мандатқа ие бола отырып, біз әріптестеріміздің біразына өздерінің ойларын жүзеге асыру үшін мүмкіндік беруге тиіспіз, сонымен қатар мұндай тәсіл қазіргі депутаттардың жай отырмай, депутаттық өкілеттіктерін белсенді түрде пайдалануға ынталандыратын болады», - деп атап өтті ол.

Осыған байланысты Азат Перуашев парламенттік сеесиялардың қорытындылары бойынша алдағы уақытта да ротация жүргізуді жалғастыруды ұсынды. Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясының төрағасы мұндай тәсілді өзге де партиялардың қабылдауларына болады деп есептейді. «Ауыс-түйіс депутаттардың Парламенттегі 5 жыл ішінде біртіндеп әдеттегі шенеуніктердің біріне айналмай, халыққа бір табан жақын болуларына мүмкіндік береді», - деп санайды Азат Перуашев.

Босаған депутаттық мандат төңірегіндегі пікірталасты қорытындылай келе, А.Перуашев 2004-2005 жылдардағы жағдайды еске салды. Сол кезде партияға берілген Парламенттегі бір орын үшін бірнеше айға созылған дауласу нәтижесінде «Ақ жол» партиясы жікке бөліну мен ұйым дағдарысын бастан өткерген еді. «Өзіміздің қателеріміздің негізінде сабақ алатын уақыт жетті - деді партия төрағасы, - сонымен бірге біз жеке мүдделерімізді алға қоймай, сайлаушылардың партия алдында қойған тапсырмаларын негізге алып, жұмыс істеуге тиістіміз».

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351