Сенбі, 23 Қараша 2024
Арандату 3135 5 пікір 7 Ақпан, 2022 сағат 14:05

Лукашенко: «Қазақстан сабақ алды»

Беларусь басшысы Александр Лукашенко Ресейдің бас арандатушысы саналатын Соловьевке сұхбат берді. Әрине бұл президент сұхбат беретін деңгейдегі тұлға емес-тін. Сұхбат барысында Лукашенко Қазақстанға қатысты да өз пікірін айта кетті. 

Александр Лукашенконың 4 ақпанда берген сұхбаты 1 сағат 50 минутқа созылды. Сұхбаттың толық нұсқасы 7 ақпан күні Беларусь телеарналарынан көрсетілетін болады. Ол Беларусь билігінің саяси таңдауын өзгерткен 9 тамыз жайлы кеңінен айтты. Президент сайлауынан кейін Беларусь елінде жаппай наразылық акциялары басталып, жүздеген мың адам ірі қалалардың орталықтарына шыққан болатын. Нәтижесінде мемлекетте саяси дағдарыс басталды, ал Минск Батыс әлемімен қақтығысқа түсіп, ресейлік бағытты «түбегейлі» таңдады.

Лукашенко тікұшаққа отырып, қолына автомат ұстап, халқына қарсы шыққан сәтті былай суреттеді:

«Біріншіден, мен туралы Янукович сияқты «Ростовқа қашып кетті», «балалары да сол жаққа ұшып кеткен», деген жалған ақпаратты таратты. Мен қолыма автомат, үстіме қорғаныш жилетін кидім, тіпті, басыма каска киюді ұмытып кетіппін. Осылай болатынын білген жоқпын ғой. Ешкім қорыққан жоқ. Мен біздің жігіттер қалай жұмыс істейтінін жақсы білдім. Олар мен не айтсам, соның бәрін істеді. Бірақ, мен оларға ешқайда қашпағанымды, осында екенімді көрсетуім керек еді. Балаларым да солай істеуі тиіс болатын. Мен тікұшаққа отырдым да, бірнеше минуттан соң олардың қасына ұшып бардым. Қолымда автоматым болды», - дейді.

Ол наразылық акциясына шыққандарды «бүлікші» деп атап, елді төңкеру бұйрығын сырттан алғанын айтты. Лукашенко елдегі наразылық өршіген сәтте Украина тарапынан қару кіргізіп, қантөгіс жасау әрекеті болғанын, шекарада қару тәркіленгенін де мәлімдеді.

Соловьев Еуропада үлкен соғыс болуы мүмкін бе деп сұраған сәтте, Беларусь басшысы: «Жоқ, біз жайлы өмір сүреміз. Жайлылық өте маңызды. Ертең соғыс болса, онда жертөлеге кіру керек болады», - деді ол. Ондай жайсыз өмірге Еуропа елдері де, халқы да көнбейтінін айтты.

«Екіншіден, олар ойланып, осында бір әскер жіберуге талпыныс жасап жатқан сәтте, ҰҚШҰ әскері Ла-Маншта тұратынын анық көрсетті. Олар оны жақсы біледі. ҰҚШҰ-ның құндылығы неде: Біз жылдам әрекет ететінімізді көрсеттік. Ол жақта қанша әскеріміз бар екеніне қарамастан, дәлелдедік. Егер керек болса ол жерде (Қазақстанда) біз әскер санын арттырар едік. Біз Алматыда болдық, ал Путин Нұр-Сұлтан әуежайын бақылауға алды.

Еуропада, тіпті, оңай болады. Олар оны көрмей отыр ма? Олар бізбен соғысудан, әсіресе Ресеймен соғысудан түк шықпайтынын жақсы біледі. Біз ядролық соғыс жайлы айтып отырған жоқпыз. Бізге тимеңдер. Бізге тиіспеңдер», - дейді ол.

Ол Украинамен болуы мүмкін соғысқа қатысты да ой білдіре кетті.

«Түсінікті ғой. Украина бізбен ешқашан соғыспайды, бұл соғыс үш төрт күнге ғана созылар еді. Онда бізге қарсы соғысатын ешкім жоқ. Қолдарына ағаш автомат ұстап, дайындалып жатқандарын көрсетуде. Екеуміз көрші залға кіріп, біздің жігіттер қалай дайындалатынын телефонға түсіріп, көрсетейік оларға. Міне, сондықтан Зеленскийге бірден ақыл кірді», - дейді Лукашенко.

«Сіз билікті өз еркіңізбен табыстай аласыз ба?» - деп сұрады Владимир Соловьев.

«Әрине! Кімге табыстау керектігін халық шешсін. Түрлі жағдай болуы мүмкін. Мен адаммын ғой, халық жетер енді десе, қоямын. Демек халық өз таңдауын жасады деген сөз. Қазір халықтың басым бөлігі «менің қалғаным өте дұрыс болды» деген ойда», - дейді ол.

Владимир Соловьев Ресей мен Беларусь арасында құрылған «Одақтас мемлекет» жайында да сұрады.

«Өзіңіз білетіндей Беларусь қазірдің өзінде сонда (жобада). Қазақстанға жақсы сабақ болды деп ойлаймын. Егер 15 жылдық мерзіммен қарайтын болсақ, қандай да бір қателік жасамасақ онда (одақтас елде) Украина да боларына сенімдімін. Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан өздеріне қажет экономикалық негіздер үшін қосылады деп санаймын», - деді Лукашенко.

Беларусь басшысы Украина жеріне соққы беру мүмкін екенін, НАТО-ның әлсіздігін, Қытай мен Ресей одағын ешкім тоқтата алмайтынын да айтуды жөн санапты. Оның бұл сұхбатын Беларусь оппозициясы қазірдің өзінде келеке етіп, әлемдегі теңдессіз комедия деп жазуда.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3232
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341