Петиция: Дариға Назарбаева отставкаға кетсін!
Кеше Мәжіліс депутаты Айдос Сарым өзінің әріптесі, Мәжіліс депутаты һәм экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның орнын босатып, отставкаға кетуін талап еткен еді.
«Қалыптасқан ахуалды ескере отырып, ең алдымен осы елдің азаматы ретінде ол өз еркімен отставкаға кетуі тиіс. Назарбаева «Жаңа Қазақстан» тобының құрамына кірген жоқ.
Қазақстанда қалыптасқан авторитарлы жүйені Назарбаеваның аты-жөнімен байланыстырады. Күні кешегі оқиғалар да осы жүйеге деген қарсылықтан туындады», – дейді Сарым.
Ал бүгін «egov.press» сайтында Дариға Нұрсұлтанқызының депутаттық мандатын тапсырып, доғарысқа кетуін талап еткен аранйы петиция жарияланды.
Петиция авторы – Ерлан Аманұлы деп көрсетілген. «Аталған мәлесені ҚР Орталық сайлау комиссиясы шеше алады», - деген петицияға қазірдің өзінде 600-ге жуық адам қол қойыпты. Петиция бүгін жарияланған.
«Қазақстанда болған қңтар оқиғалары Дариға Назарбаеваның атымен тікелей байланысты екенін Мәжіліс депутаты Айдос Сарым айтты. Қазақстанның бірінші президентінің үлкен қызы – дариға Назарбаеваның отставкасы мәселесі біраздан бері күн тәртібінде тұрған. Алайда, ҚР Орталық сайлау комиссиясына Назарбаева ешқандай ресми өтініш жазбаған.
Оның көмекшісінің айтуынша, коронавирустан емделіп шыққан соң, денсаулығына байланысты еңбек демалысын алған. Ал кейбір дереккөздері оның Дубайда жүргенін жазды.
Біз Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін талап етеміз», - деп жазылған, петиция мәтінінде.
«Қасіретті қаңтар» оқиғасы басталған сәттен бастап ол Мәжіліске мүлде келген жоқ. Өзі «ләм-мим» деп ешбір мәлімдеме жасаған жоқ. Бар болғаны көмекшісі оның коронавирус жұқтырып, Алматыда емделіп жатқанын хабарлаумен болды.
Abai.kz