Жұма, 22 Қараша 2024
Ақмылтық 3987 4 пікір 10 Ақпан, 2022 сағат 14:11

Депутат: Дариға Назарбаева доғарысқа кетсін!

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым өзінің әріптесі, Мәжіліс депутаты һәм экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның орнын босатып, отставкаға кетуін талап етіпті.

«Қалыптасқан ахуалды ескере отырып, ең алдымен осы елдің азаматы ретінде ол өз еркімен отставкаға кетуі тиіс. Назарбаева «Жаңа Қазақстан» тобының құрамына кірген жоқ.

Қазақстанда қалыптасқан авторитарлы жүйені Назарбаеваның аты-жөнімен байланыстырады. Күні кешегі оқиғалар да осы жүйеге деген қарсылықтан туындады», – дейді Сарым.

Мәжілісменнің пікірінше экс-президенттің қызы ел алдында сенім вотумын жоғалтқан.

Айта кетелік, Дариға Назарбаева қаңтар оқиғасы басталғалы бері Мәжіліске келген жоқ. Ресми ақпарат бойынша ол коронавирус жұқтырып, төсек тартып жатыр. Бейресми мәлімет бойынша Назарбаев қаңтар дүрбелеңі басталған тұста Дубайға ұшып кеткен.

Дариға Нұрсұлтанқызының жасы қазір 58-де. Қызметтік карьерасында әртүрлі басшылық лауазымдарда болған. Ал Парламентте:

2004-2007 жылдары Мәжілістің үшінші шақырылымында депутат болды. 2005-2007 аралығында Мәжілістегі «Аймақ» дейтін депутаттық топты басқарды.

Онан соң 2012-2015 жылдар аралығында Мәжіліске қайта депутат болып сайланды. «Нұр Отан» партиясының тізіміне еніп, 2015 жылдан бастап «Нұр Отан»фракциясына жетекшілік етті. Мәжіліс төрағасының орынбасары болды.

Парламентке үшінші мәрте 2016 жылы барды. 2016-2020 жылдар арасында Сенат депутаты болып жүрді. Тіпті, 2016-2019 жылдары Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін тізгіндеді.

Ал 2019-2020 жылдар арасында Сенаттың төрағасы атанды. Сөйтіп, Қазақстанның саяси жүйесіндегі «запастағы президент» атанды.

Дариға Назарбаеваның Парламентегі төртінші жорығы – 2021 жылы басталған. Мәжілістің жетінші шақырылымына «Нұр Отан» тізімі арқылы өткен. Содан бері Мәжілісте мандат иеленіп жүрді. Ал қаңтар оқиғасы басталған сәттен бастап ол Мәжіліске мүлде келген жоқ. Өзі «ләм-мим» деп ешбір мәлімдеме жасаған жоқ. Бар болғаны көмекшісі оның коронавирус жұқтырып, Алматыда емделіп жатқанын хабарлаумен болды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282