Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4551 35 пікір 20 Ақпан, 2022 сағат 19:05

Бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов тұтқындалды

Бүгін әлеуметтік желіде Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың тұтқындалғаны туралы ақпарат тарады.

Белгілі саясаткер Ербол Еділоевтің Telegram-дағы парақшасында: «Кейбір дереккөздердің мәліметінше, Қазақстанның экс-Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 19 ақпан күні аталған фактіге қатысты, ҚР Қылмыстық Кодексінің 452 бабы бойынша ҚР Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастаған», - деп жазылған.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 452 бабы – «Биліктің әрекетсіздігі» деп аталатын бап. Онда:

«1. Билiктiң әрекетсiздiгi, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - деп жазылған.

Мұрат Бектанов қазір 56 жаста. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Әскери шені – Генерал-лейтенант (2020 жылы алған).

2021 жылы 31 тамызда президент Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалған. Кейін 2022 жылдың 11 қаңтарында президент Тоқаев министр Бектановты өз қызметіне қайта тағайындау туралы бұйрық шығарған.

Ал «қаңтар көтерілісінен» кейін, президент Тоқаев министр Бектановтың қызметін қатаң сынап, 19 қаңтар күні қызметінен алған. Сол кезде президент Тоқаев экс-министр Бектанов туралы:

«Армия – біздің Тәуелсіздігіміздің қорғаны болуы және Мемлекеттің мүддесі үшін сапта тұруы керек. Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы күштер өздеріне сенімсіз һәм бастамашыл басшылықтың болмауы себепті өздеріне артылған міндетті атқара алған жоқ. Министр Бектанов командирлік қасиеттерін көрсете алмады. Қарамағында командалық-штабтық оқу-жаттығуларда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген армия бола тұра, біз оның потенциалын дәл осындай күрделі кезеңде қолдана алмай, сырттан көмек сұрауға мәжбүр болдық», - деп сөйлеген еді.

Abai.kz

35 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409