Жұма, 17 Мамыр 2024
46 - сөз 2814 4 пікір 23 Ақпан, 2022 сағат 14:33

Намысты жастар қалада емес, далада!

Біз әлемге мәдениет, білім және спортпен ғана танылып, мойындата аламыз!
ЭКСПО, Саммит…басқа да жиындар - тек босқа ақша шашу! Иә, мемлекеттің қазынасын шығынға шаш етектен батыру!
Енді жаңа келген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа тапсырма!
Балалар жылына орай, әсіресе еліміздің батыс өңіріне мемлекеттік спорт және мәдениет үйлерін көбейтіңіз!
Абаевтың дәуірінде салынған спорт кешендері деген атқа ие болыңыз!
Қысқы олимпиададан неге медальсіз қалғанымызды жазайын!
Спортта жеңіске жету үшін кәсіби шынығудан бөлек, ең алдымен ар-намыс, жігер мықты болу керек!
Ал намысты әрі жігерлі, көздерінде оты бар балалардың көбісі ауыл-аймақта болады.
Қазір ауылдағы спорт мектептерінің жағдайын көрсеңіздер, олипиададан жүлделі орын аламыз деп ойламақ түгел, тіпті үміттенбейтін едіңіздер!
Осыдан-ақ, спортқа бөлінген қаржылар шенеуніктердің қалтасына кетіп жатқанын бірден байқауға болады, ал біздің Антикор ондайларды көрмейді!
Бір ғана Түркістан облысындағы спорт басқармасының басшысы миллиондарды жымқырып жеп алып, шартты түрде ғана сотталып үйіне шығып алған!
Осыдан кейін бізде медаль қайдан болсын?
“Ауыл жастары бос уақытын қалай өткізеді? Бүкіл энергиясын қайда жұмсайды? Қандай спорт түріне баулысақ болады?”,-деп сұрақ қойып отырған шенеунік көрмедім!
Ауыл-аймаққа мемлекеттік спорт үйірмелері мен мәдениет үйлерін ашу керек деп жүргеніме біраз болыпты !
Президентке есеп берер кезде “бәрін қатырамыз”, ал шындығында келгенде спорт саласы ақсап тұр!
Мысалы, Ақтау қаласында “Ақтау” сауда орталығында мұз айдыны бар. Жекенің меншігі. Әр бала сондағы жаттықтырушыға ай сайын 30 мың теңге төлейді. Мұз айдыны деген аты ғана болмаса, жоғарыдан түскен күннің ыстығынан мұз су болып еріп тұр. Балалар сондағы шалшыққа құлап жүріп жаттығып жүргенін көріп, елімдегі жемқор шенеуніктерге ашуым келді.
Осы видеоны сәті келгенде түйреп, ақиқатын ашып жазам деп жүргем. Бүгін, міне сәті келген сияқты. Мұндай шындық айтылуы керек!
Расында, ел игілігі үшін мұз айдынын ауқымды етіп салып берсе, халық тегін емес, баласы үшін ақылы жаттықтыруға әкелер еді! Батыстан тек мұнайшыларды емес, мықты чемпиондарды да шығаруға болатын еді. Әттең…
Тек Батыс емес, еліміздің әр өңіріне спорт пен мәдениетке көңіл бөлетін уақыт келді!
Медаль күтпес бұрын, ең алдымен спортшының жағдайын жасау керекпіз!
Спорт саласына да үлкен реформа керек!
Намысты жастар қалада емес, далада яғни ауылда!
Ауылдан келген “Бұзақы жастар” азайсын десең, бірінші жастардың жағдайын жаса!
Жаңа Қазақстанды шындықты ашық айту арқылы құрамыз!
Құрметті Спортшылар, ақиқатты ашық айтатын сәт туды!
Спорт саласын жаулап алған сәләфиттер кетті, енді сыбайласқан “шіріген жүйені” ашып ақтарып тұрып айтатын уақыт келді!
Бәрін ашық жазыңыздар!
Жаңа Қазақстанды бүгінгі қоғам яғни Сіз және Біз құрамыз!

Айгүл Орынбек

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2110
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2217
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625