Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
4178 1 пікір 2 Наурыз, 2022 сағат 12:58

Ресей Киев телемұнарасына соққы жасады

Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі Киевтегі телемұнараға жасалған шабуылдан кемі бес адам қаза тауып, бес адам зардап шеккенін мәлімдеді.

Шабуыл салдарынан Украинаның телеарналары істемей қалды. Олар хабарды ютуб каналдарында жалғастырып жатыр. Жақын арада украиналық телеарналар қосалқы аппаратқа қосылатыны хабарланды.

Бүгін түсте Ресей қорғаныс министрлігі "Ресейге қарсы ақпараттық шабуылды тоқтату үшін" Киевке шабуыл жасалатынын айтқан еді.

Телемұнара Бабий Яр шатқалында орналасқан. Мұнда кезінде Украинаны неміс сарбаздары басып алған кезде, бейбіт тұрғындарды, еврейлерді, сығандарды және совет тұтқындарын жаппай атып, жерлеген.

Телемұнара биіктігі 385 метр. Осының алдында Ресейдің қорғаныс министрлігі Киевтегі әскери нысандарға шабуыл жасайтынын, Ресейге қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатыр деп хабарлаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 951
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2447
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 654
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 637