Жексенбі, 24 Қараша 2024
3016 1 пікір 3 Наурыз, 2022 сағат 14:44

Германия Әлішер Усмановтың яхтасына бұғат салды

Германия билігі ЕО санкициясына іліккен ресейлік миллиардер Әлішер Усмановтың 156 метрлік яхтасына бұғат салды. Бұл туралы Forbes яхта бизнесіндегі үш дереккөзге сүйене отырып хабарлады.

"Ділбар" яхтасы 600 миллион доллар тұрады. Ол былтыр қазанда Гамбургтегі Blohm+Voss зауытына жөндеуге түскен. Forbes дереккөздерінің хабарлауынша, сәрсенбі күні яхтаны жөндейтін мамандар жұмысқа шықпады, өйткені яхтаға бұғат салынған. Усманов өкілдері мәліметке қатысты әзірге пікір білдірмеді.

Усманов яхтасы 2016 жылы авторлық жобамен салынған. Оның құрылысына шамамен бес жыл кетті. "Ділбар" - әлемдегі ең үлкен яхта. Онда яхталар тарихындағы ең үлкен бассейн, екі тікұшақ алаңы, сауна бар.

Усманов есімі дүйсенбі күні Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты жарияланған санкциялар тізіміне қосылды. Forbes мәліметінше, ресейлік миллиардерлердің 32 мега-яхтасы бар.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562