Назар аударыңыздар интернет-конференция
Сіз тегі пайдасыз кәсіппен айналысып жүрген жоқсыз ба? Елімізде спиртті ішімдіктерді өндіретін өндіріс орындары өте көп. Оларды әкім қаралардың өздері қанатының астына алып отыр. Мысалы, Атырау мен Ақтөбеден шығатын арақтардың қожайындары Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев пен Президент әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин екені еш құпия емес. Осындай жағдайда қымыз өндіріп, оны қалалық нарыққа әкелу деген ойға сыймайтын іс сияқты. Бұныма не айтасыз?
Орынғали Кәкен, Орал қаласы.
Әрине спиртті ішімдіктер сияқты қымыздың шаш етектен пайда әкелмейтіні түсінікті. Дегенмен қымыз бен шұбаттың нарықтағы жылдан -жылға өсіп келе жатқан сегмент (растущий сегмент) екеніне күмәнім жоқ. Алла қаласа, бірер жылда сұраныс өскен сайын, шығаратын қымыз көлемі де өсіп, аз да болса, тұрақты түрде пайда әкеледі деген сенімдеміз. Оған қол жеткізу үшін шыдамдылық және қажыр қайрат, қаражат керек.
Виски мен мартиниді сыздықтататын біздің шенеуніктердің қымыз ішетініне күмәнім бар. Мысалы, Мәсімов қымыз ішеді деп ойлайсыз ба?
Айдархан Жеңіс, Семей қаласы.
Сіз тегі пайдасыз кәсіппен айналысып жүрген жоқсыз ба? Елімізде спиртті ішімдіктерді өндіретін өндіріс орындары өте көп. Оларды әкім қаралардың өздері қанатының астына алып отыр. Мысалы, Атырау мен Ақтөбеден шығатын арақтардың қожайындары Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев пен Президент әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин екені еш құпия емес. Осындай жағдайда қымыз өндіріп, оны қалалық нарыққа әкелу деген ойға сыймайтын іс сияқты. Бұныма не айтасыз?
Орынғали Кәкен, Орал қаласы.
Әрине спиртті ішімдіктер сияқты қымыздың шаш етектен пайда әкелмейтіні түсінікті. Дегенмен қымыз бен шұбаттың нарықтағы жылдан -жылға өсіп келе жатқан сегмент (растущий сегмент) екеніне күмәнім жоқ. Алла қаласа, бірер жылда сұраныс өскен сайын, шығаратын қымыз көлемі де өсіп, аз да болса, тұрақты түрде пайда әкеледі деген сенімдеміз. Оған қол жеткізу үшін шыдамдылық және қажыр қайрат, қаражат керек.
Виски мен мартиниді сыздықтататын біздің шенеуніктердің қымыз ішетініне күмәнім бар. Мысалы, Мәсімов қымыз ішеді деп ойлайсыз ба?
Айдархан Жеңіс, Семей қаласы.
Қымызды біз тек шенеуніктер ғана ішсін деп шығармаймыз ғой. Өз денсаулығының қамын жейтін әрбір саналы адам қымыз ішуді дәстүрге айналдырса, бізге сол жетіп жатыр. Ондай адамдар Аллаға шүкір жылдан жылға көбейіп келеді.
«Бие байлап қымыз ашыту» деп жатамыз. Ал Сіз қымызды өндіріс көзіне айналдыруды ойлап жүрген азаматсыз. Сондықтан «қымыз өнеркәсібі» деп айтсақ бұған қалай қарайсыз? «Қымыз өнеркәсібіне» қызғуыңыздың себебі не?
Ербақыт Нұрапбай, Жезқазған қаласы
«Қымыз өнеркәсібі» деп айтуға әбден болады. Германияда 40-тан астам өнеркәсіп қымыз өндірумен айналысады, «Германия қымыз өнеркәсіптері одағы» деген одақ та құрып алған көрінеді.
Ал енді қымыз өнеркәсібіне қызығу себебім:
- Өзім жас кезімнен қымыз ішіп өскен адаммын, Алматыға көшіп келгеніме 2 жылдан астам уақыт болды. Не базардан, не дүкендерден дені дұрыс қымыз таба алмаған соң, осы істі өзім қолға алуға бел будым.
- Өмір бойы өнеркәсіппен айналысып келе жатқан кәсіпкермін. Өнеркәсіпті бір рет дұрыс жолға қойып алсаң, ол тұрақты түрде, шағын да болса пайда әкеліп отырады
- Қолға алған ісің жеке басыңа ғана емес, халыққа да пайдасы тиіп жатса істеген ісің моральды түрде көңіліңе қанағат сыйлайды емес пе. Қымыз бен шұбаттың біздің халқымызға орасан зор пайда әкелетіні былай-ақ түсінікті шығар
Қымыздың қызығы - жаз мезгілі. Сіздер қымызды қыста да сауда орындарына қойып жүрсіздер. Бұл, әрине, химия қосылған қымыз. Осылайша қымыз өз дәмінен айрылып қалмай ма?
Жомарат Бектұрғанов, Алматы қаласы.
Иненің жасуындай да химия қосылмайтына кепілдік бере аламын. Олай деп ойлайтын адамдармен бәс тігуге бармын. Егер біздің қымызды зертханаға беріп, оның құрамынан химиялық заттар таба алсаңыз он миллион теңге ұтып ала аласыз, егер таппасаңыз ақпарат бетінен бізден кешірім сұрасаңыз жеткілікті болады
Газетке берген сұхбаттарыңыздың бірінде қазақтың қымызына жапондардың, немістердің қызығушылық білдіріп, саумалдан порошок жасай бастағанын айтып қалып едіңіз. Шынымен солай ма, әлде ұзынқұлақтан естіген әңгімеңіз бе?
Айғаным, Алматы қаласы.
Қымыздан ұнтақ жасау теориялық түрде мүмкін болғанымен, іс жүзінде мүмкін емес. Биенің сүтіндегі адам ағзасына ең қажет деп табылатын альбумин сүттің температурасын 56 градустан көтергенде жойылып кетеді. Тек қана сублимационная сушке деген аппараттың көмегімен биенің сүтін қасиетін жоймай ұнтаққа айналдыруға болады. Бірақ ондай аппарат 1 млн евро тұрады, сағатына он кило ғана ұнтақ ала аласыз. Сонда қымыздың өзіндік құны алтынмен пара пар болып кетеді.
Қымыз туралы деректер Ұлы далада шаңырақ көтере бастаған Алтын Орда мемлекетін барлауға келген Рубрук, Марко Пола жазбаларынан кездеседі екен. Демек, қымыз жалпы түркі жұртына ортақ дәм болған ғой. Қазақ пен қырғыздан басқа қандай елдер осы күні бие байлап, қымыз ішіп отыр?
Серік Бибатыров, Астана қаласы
Қазақ пенен қырғыздан басқа Ресейде жүзден астам қымыз өндіру кәсіпорындары бар. Немістерде 40-тан астам өнеркесіп орындары бар, маңғолдар атам заманнан қымыз өндіреді. Қытайдағы, Түркиядағы, Моңғолиядағы қандастарымыз да бие байлап қымыз ішіп отыр
Қымызды қырғыздар патенттеп, меншіктеп алыпты деп естиміз. Осы рас па?
Арман Көккөзов, Тараз қаласы.
Қымызды «Қымыз» деген атпен сауда белгісін патенттеп алған немістер жайлы ақпарат бар. Біз қымызды шет елге шығарғымыз келсе, «қымыз» деген атпен шығара алмаймыз. Әзірге шет елге шығаратын мүмкіншілік жоқ болғандықтан, бұл сұрақты болашақтың еншісіне қалдырып отырмыз.
Көкпарды елдің көз алдында өтетін ойынға айналдырдық. Бұл дұрыс сияқты. Енді бұғалық тастап, қашаған қууды, асау үйретуді осындай шоуға айналдыруға бола ма? Өзіңіз асауды албастыдай басатын азаматтарды танисыз ба?
Нұрғали Саймасайұлы, Шымкент қаласы.
Көкпарды көрермендерге қазіргісінен де қызықтырақ қылып өткізуге болатын сияқты. Сонда көкпарды тамашалайтын көрерменнің қатары көбейе түсер еді. Ал енді асау үйрететін Моңғолиядан көшіп келген екі азамат жайлы хабарым бар. Қазіргі кезде Екібастұз қаласында тұратын көрінеді. Телефонын тауып сөйлестім, болашақта жолығып, жағдай жасап, сіз айтқандай шоу жасаймын ба деген арманым да бар.
Біз атадан қалған кәсіптің қыры мен сырын ауызша айтуға ғана шеберміз. Осы «шеберлік» дұрыс емес. Мысалы, өз басым біраз іздеп әуреленсемде қымыз туралы қазақ тілінде жазылған ғылыми еңбектерді кездестіре алмадым. Әлде мен қателесемін бе?
Қайсар Әлімұлы, Семей қаласы.
Рас айтасыз, қымыз жайлы жазылған ғылыми еңбектер орыс тілінде ұшан теңіз. Қазақша өте аз, жоқтың қасы десе болады.
(Жалғасы бар. Сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды abai-akparat.@mail.ru; dauren-kuat@mail.ru электронды пошталарына жолдай беріңіздер)