Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жауап 3084 14 пікір 9 Наурыз, 2022 сағат 11:27

Депутат Айгүл Құспан: Тіліңді тый, Зюганов!

Күні кеше Ресей Думасының депутаты Геннадий Зюганов деген кәрі сүйек коммунист қазақ жерінекөз алартып, «Солтүстік Қазақстан тұтастай орыстікі», - деп сөйлеген еді.

Ол Дума ғимаратында тұрып: «Солтүстік Қазақстан тұтастай алғанда орыстікі, ал оңтүстік Қазақстанда орыс тілі мектептерде оқытылмауда. Сондықтан мен бүгінгі таңда президент, Үкімет және Мемлекеттік Дума бұл мәселені шешу бойынша нақты шешімдер шығаруы тиіс деп санаймын. Ең алдымен орыстілділерді бұл елде болып жатқан национализмнен қорғау керек. Біздің Байқоңыр нысанымыз, қаруға арналған уран шығару зауытын, полигонды да қорғауға алуға тиіспіз. Біз рухани, мәдени, тілдік тұрғыдан толық қорғалуға тиіс шаралар қабылдауға міндеттіміз», - деп көкіген еді.

Зюгановтың бұл сөздеріне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламенттегі Халықаралық істер комитетінің төрағасы Айгүл Құспан жауап қайтарыпты. Мәжіліс депутаты Геннадий Зюганов деген Думадағы Компартия жетекшісі соқтығарға себеп таппай жүр деп санайды.

«Тырнақ астынан кір іздеп, қисынға келмейтін, ойдан құраған дүниені дауға ұластырмақшы. «Солтүстік Қазақстан тұтастай алғанда орыстікі, ал оңтүстік Қазақстанда орыс тілі мектептерде оқытылмауда» дегенін басқаша түсіндіру мүмкін емес. Ресей билігін шұғыл шара қабылдауға шақыруы да ашықтан-ашық арандату. Айтылған сөз – атылған жоқ.

Шовинистік үндеу жасаған Зюганов Қазақстан мен Ресейдің сенімді серіктес, одан қалды одақтас екенін ұмытып кетсе керек. Коммунистік партияның көсемі өзін алыс-жақын шетелдегі орыстардың жанашыры, ұлт патриоты ретінде дәріптегісі келгендей. Мұндай мәлімдеме арқылы Зюганов секілді саясаткерлер Ресейдің сүйкімін кетіруде. Ел мен елді араздастыруда», - дейді депутат Құспан.

Ол сондай-ақ, қазіргідей құбылмалы уақытта ресей саясаткерлері ең алдымен тілін тыйуы қажет екенін айтқан. «Әсіресе, көршілеріне келгенде ауыздан шыққан әр сөзге абай болған жөн», – дейді депутат.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576