Жексенбі, 24 Қараша 2024
Дей салдым-ау 2746 4 пікір 11 Наурыз, 2022 сағат 13:34

Тоқмади: «Кінәсізбін! Мені Мәсімов соттатты»...

Бірнеше жыл бұрын сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмади өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді. Ол жаңа үндеуінде банкир Ержан Тәтішевті Мұхтар Аблязовтың тапсырмасы бойынша өлтірді деген айыпты Мәсімовтың, ІІМ мен Бас прокуратураның қысымы арқылы өз мойнына алғанын айтқан.  

«Мен Мұратхан Тоқмади - Қазақстан Республикасының азаматы, ағаш ұстасының шәкіртінен бастап екі зауыттың иесіне дейін көтерілген қырық жылдық спорттық-қоғамдық жұмыс жолымда көптеген орден, Алтын сапа медалі мен «Хабар» арнасындағы «Жетістік факторы» бағдарламасында жоғары бағаланып, 2017 жылы 12 шілдеде бір сәтте әділетсіз түрде саяси тұтқынға айналдым. Маған, менің отбасыма, жақындарыма қатысты жасалған әділетсіз тұтқындау мен қудалау тұтқындалған ҰҚК басшысы Мәсімовтің тергеу топтары арқылы іске асты», - дейді Тоқмади. Ол бұл туралы президент Тоқаевқа жазған хатында айтқан.

Тоқмадидің жазуынша Жедел тергеу тобын ҰҚК полковнигі Руслан Искаков басқарған.

«Олар қорқыту, ұрып соғу, қинау, психологиялық қысым жасау, 20-30 жыл бұрынғы істерді бұрмалау, жұбайыма үш қылмыстық іс ашу, бизнесімді бұғаттау, мүліктеріме қол салу, есепшоттарымды жабу және басқа да әрекеттер арқылы мені сотқа дейінгі қылмысты мойындау келісіміне келіп, құжаттарға қол қойдыруға мәжбүр етті. Олар Мұхтар Аблязов тапсырысы бойынша Ержан Тәтішевті өлтірдім дегенді жаздырды. Артынша Бізге сіздің керегіңіз шамалы, бізге М.А. керек деді», - дейді кәсіпкер.

Тоқмади артынша былай дейді: «Мені келісімге келуге көндіру үшін, қинаудан бөлек олар мені ҰҚК-нің психатриялық бөлімшесіне жатқызды. Төрт ай азаптау фактілерін көрген соң және әйелімді 15 жыл түрмеге, балаларымды балалар үйіне өткіземіз деп қорқытқаннан кейін, 2017 жылдың 18 қарашасында мен келісімге келуге мәжбүр болдым.  2018 жылдың 16 наурызында Тараз қаласының соты М.Тлепов үкімді оқыған сәтте келісім күші кінәлі тарапқа үкім шыққанда іске асатынын айтты. Аблязовке үкім сол жылдың 27 қарашасында шыққан болатын. Бір жылдан кейін, 2019 жылы менің отбасым көптеген өтініш айтқан соң, Жамбыл облысының прокуроры Құсайынов Ж.К былай деді: «Оған берілген мерзім онсыз да ең жеңілі саналады». Осылайша олар сотқа дейінгі келісімнің тек алдамшы екенін нақты дәлелдеді», - дейді Тоқмади.

Ол бес жыл бойы өзі ешқашан жасамаған қылмыс үшін әділетсіз абақтыда отырғанын айтады.

«Менің отбасым мен маған осыншалықты азапты жылдар сыйлаған бұл оқиғалардың барлығы да Мәсімов пен оның жақтастары, ІІМ, соттардың қатысуымен іске асты. Олардың басты мақсаты Н.Назарбаевтың басты жауы Мұхтар Аблязовті Қазақстанға әкелу болатын.  Алайда бұл олардың қолынан келмейді, ал қаңтар айында олардың барлығы дерлік тұтқындалып, олардың қылмыстық істері ақырындап жарияланып жатыр. Конституцияның кепілі ретінде мен өзіңізден әділеттілікті қалпына келтіріп, кінәліліерді жазалап, мені ақтауыңызды, бостандыққа жіберуіңізді сұраймын. Шыншыдық пен әділет – әр адамға қажет қасиет!» - деді Тоқмади.

Тоқмади жазған хат КазТАГ сайтында жарияланған болатын.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613