Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жауап 2858 12 пікір 10 Наурыз, 2022 сағат 13:14

Зюгановтың сөзіне Тілеуберді жауап берді

Ресей Думасының депутаты Геннадий Зюганов деген кәрі коммунист қазақ жеріне көз алартып, «Солтүстік Қазақстан тұтастай орыстікі», - деп сөйлеген еді.

Ол Дума ғимаратында тұрып: «Солтүстік Қазақстан тұтастай алғанда орыстікі, ал оңтүстік Қазақстанда орыс тілі мектептерде оқытылмауда. Сондықтан мен бүгінгі таңда президент, Үкімет және Мемлекеттік Дума бұл мәселені шешу бойынша нақты шешімдер шығаруы тиіс деп санаймын. Ең алдымен орыстілділерді бұл елде болып жатқан национализмнен қорғау керек. Біздің Байқоңыр нысанымыз, қаруға арналған уран шығару зауытын, полигонды да қорғауға алуға тиіспіз. Біз рухани, мәдени, тілдік тұрғыдан толық қорғалуға тиіс шаралар қабылдауға міндеттіміз», - деген.

Бүгін Зюгановтың осы мәлімдемесіне қатысты ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді арнайы пікір білдіріпті.

Мұхтар Тілеуберді:

- Біріншіден, ешқандай ресми наразылық болмайды. Зюганов Ресейдегі коммунистік партияның лидері. Ал ол партия өздерін Ресейдің билігіне оппозиция ретінде көрсетіп жүр. Оппозиция дегеніңіз – ресми биліктің позициясына сәйкеспейтін немесе қарсы келетін позиция ұстануды білдіреді. Оның үстіне Зюгановтың мәлімдемесі Ресейдің ешбір федералды телеарналарында көрсетілген жоқ.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Ресейге жасаған іс-сапары кезінде Ресей билігінің Қазақстанға қатысты ешқандай территориялық талабы жоқ екені ең жоғарғы деңгейде айтылды.

Енді Зюганов мәлімдемесінің мазмұны жайлы айтар болсақ, РФКП – КСРО компартиясының мұрагері. Сәйкесінше, ол КПСС идеологиясын ұстанады. Ал КПСС идеологиясының негізін Марксизм мен Ленинизм қалыптастырғанын, оның негізі әлемдік социализм революциясы мен пролетариат диктатурасын орнату болғанын білесіздер.

Үшінші мәлесе – бұл видео сол мәлімдеме жасалғаннан кейін екі айдан кейін, Украина жағдайы өршіп тұрған уақытта шығып отыр. Қарулы әскери соғыс кезінде – ақпараттық соғыс та қатар күшейеді. Бұл ғаламдық масщтабты, соның ішінде Қазақстанды да қамтып отыр.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588