Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1750 4 пікір 10 Наурыз, 2022 сағат 20:21

Салық төлеушінің паспорты салық құпиясын ашпайды

2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енген «Салық төлеушінің паспорты» салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді ашпайды және тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған. Барлық мәліметтерді QR-кодты оқу арқылы көруге болады.  

Салық төлеушінің паспорты - салық құпиясы болып табылмайтын, мемлекеттік кірістер комитетінің порталы арқылы қалыптастырылатын штрих-кодта (QR-код) қамтылатын мәліметтерді құрайтын кәсіпкерлік субъектісінің ақпараттық картасы.

Салық төлеушінің паспортында мынадай мәліметтер қамтылады:

- сәйкестендіру нөмірі;

- дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;

- дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

- салық төлеушінің мәртебесі – әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан;

- тiркеу есебiне қойылған күн, тiркеу есебiнен шығарылған күн;

- бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны;

- алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.

Салық төлеушінің төлқұжатын енгізудің мақсаты  бизнес субъектілерінің міндеттемелерін орындауын қоғамның өзі бақылауды күшейту, сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін пайдалану болып табылады.

Салық төлеушілердің (қоғамдық тамақтандыру және сауда саласы) міндеті - қалыптастырылған паспортты бақылау-касса машиналарының тікелей орналасқан орындарында, халықты ақпараттандыру үшін жалпыға бірдей қолжетімді жерлерде басып шығару және орналастыру болып табылады.

Бұл ретте, осындай паспорт салық төлеушінің ай сайынғы жаңартуын қажет етпейді, өйткені тіркеу деректері өзгерген кезде
штрих-код автоматты түрде жаңартылады.

Қазіргі уақытта штрих-кодты қалыптастыру бойынша МКК ақпараттық жүйелерін біріктіру бөлігінде жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты бұл сервис уақытша пайдалануға қол жетімсіз, сәйкесінше, аталған жұмыстардың аяқталуына дейін салық төлеушіде штрих-кодтың болмауы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқпайтынына назар аударамыз.

Шалхар Ақылжан Абдыхадирұлы,

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша
МКБ жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5614